Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:15, курсовая работа
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………………….3
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік есептің мәні…………………………………………………..5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру………………………………………….7
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік нысандарының көлемі ,толтыру тәртібі……………………………………….10
II-тарау.” Қазтеміртранс“мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні ………………………………………………………..13
2.2 ”Қазтеміртранс “ мемлекеттік мекемесіндегі жұмысшылар және қызметшілермен есеп айырысуды ұйымдастыру……………………………22
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы….26
3.2 “Қазтеміртранс”мемлекеттік мекемесінде қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі…………………………………………………………………...36
Қорытынды………………………………………………………………………...44
Қолданылған әдебиеттер……………………………
7. Кассалыќ жјне
банктiк бастапќы ќұжаттарға
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік
нысандарының көлемі,толтыру тәртібі
Жылдық және тоқсандық есептерге бюджет бойынша қаржыландыру жоспарының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуына әсерін тигізген негізгі факторлар, сондай-ақ кассалық шығыстардың іс жүзіндегіден ауытқу себептері және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) мен шығыстардың экономикалық сыныптама ерекшеліктері бөлінісінде бюджет қаражатының жете игерілмеу себептері баяндалатын түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі. Түсіндірме жазбада жүргізілген түгендеу, дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу салдары көрсетіле отырып, олардың жағдайының нәтижелері туралы деректер көрсетілуі қажет. Есепке түсiндiрме жазбада материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының жетiспеуiн мемлекеттiк мекеменің есебiнен шығаруын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменің бекiтiлген қаржыландыру жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн кредиторлық берешектің пайда болу себептерiн көрсету қажет. Бұдан басқа, кiрiстердің бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша тиiстi бюджетке кейiннен аудара отырып, жаңа қаржы жылы бюджеттiк шотқа мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс, ағымдағы қаржы жылы бюджеттiк шотқа есепке алу үшiн тапсырылмаған мемлекеттiк мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтарының пайда болу себептерiн көрсету керек.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың
резервiнен қаражат алған
Жылдық және
тоқсандық есептерге түсіндірме
жазбадағы ақпарат қысқа
Бюджеттік бағдарламалардың
әкiмшiлерi ведомостволық бағыныстағы
мекемелер бойынша айдың
Ведомстволық бағыныстағы мекемелерi жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi айдың аяғында берілген, бiрақ келесi айда есепке алынған рұқсаттардың сомасын 091 «Жолдағы рұқсаттар» қосалқы шот бойынша баланста көрсетедi.
Түсіндірме жазбасымен бірге жылдық және тоқсандық есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтер немесе мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Республикалық
бюджеттік бағдарламалар
Есептілікпен қоса берiлген барлық нысандарда басшы мен бас бухгалтердiң қолының қасына мiндеттi түрде қойылған қолды таратып жазу қажет (аты-жөнi және тегi).
Мемлекеттік мекемелердің
жылдық және тоқсандық есептерінің
нысандары бойынша негізгі
Мақсатты трансферттер алған облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары «Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп» № 2 нысаны бойынша алынған қаражат туралы есептiлікті және оларға түсiндiрме жазбаны жасайды және оларды «Баланс» № 1 нысанын ұсынбай-ақ мақсатты трансферттерді алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бередi.
Республикалық бюджеттен ұсталатын, бiрақ тиiстi мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен рұқсаттар алатын мемлекеттiк мекемелер (ішкі істер органдары) № 2 нысан бойынша Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi тиiстi бюджетті атқару жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органдарға, ал есептiлікті нысандарын толық көлемiнде тиiстi Аумақтық қазынашылық органдарына және жоғары тұрған органға ұсынады.
Министрлікті және өзге де атқарушы органды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліну) кезінде мүліктік құқықтар мен міндеттемелер біріктіру және қосу кезінде - тапсырып беру актісіне сәйкес, ал бөлген және бөлінген кезде - бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорға беріледі. Бөлу балансы әр бөлінетін мемлекеттік мекеме үшін бір данадан жасалады. Тарату кезінде «Баланс» № 1-нысаны бойынша тарату балансы жасалады.
Жылдық есептілік нысанының көлемінде беру күнгі бөлу немесе тарату балансы қамтылады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға әрбір министрлік немесе өзге де атқарушы орган бойынша жеке есептермен бірге беріледі.
Бір бағыныстан
екінші бағынысқа берілетін
Республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер олар арқылы кассалық шығыстар өткен тиісті Аумақтық қазынашылық органдарына нысандары толық көлемдегі есептіліктің үш данасын ұсынады. Есептілікті тексерген кезде Аумақтық қазынашылық органының жауапты атқарушысы ұсынылған есеп нысандарының толықтығына және түсіндірме жазбасының болуына назар аударады. Ескертулер болмаған кезде есептілік № 1 нысанды Баланстың, № 2 нысанды Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептің бірінші бетінде оң жақ жоғарғы бұрышында бақылау бұрыштамасымен және аумақтық қазынашылық органының мөртабанымен белгіленеді. Тиісті Аумақтық қазынашылық органының бұрыштамасы және мөртабаны бар есептіліктің екі данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, олардың біреуі жоғары тұрған органға жіберіледі. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерден есепті қабылдаған және тексерген кезде белгіленген тәртіпті қатаң сақтауы тиіс.
Жылдық және тоқсандық есептіліктің мамандандырылған нысандарының үлгілерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері дайындауы мүмкін.
II-тарау.”Қазтеміртранс “мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні.
Бухгалтерлік есептің атқаратын негізгі қызметінің бірі пайдаланушыларға ,кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытымен жеткізіп отыру .Осындай ақпаратты мәліметтің негізі бухгалтерлік баланс.Бухгалтерлік баланс- кесте түріндегі шаруашылық құрал-жабдықтарымен шаруашылық қайнар көздердің тепе-теңдігін айтамыз. Бухгалтерлік баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. № 1 нысан бойынша баланс актив және пассив болып екі бөліктен тұрады. Баланс француз тілінен аударғанда тепе-тең мағынасын білдіреді.
Актив - баланстың бірінші бөлігі, тоғыз бөлімнен тұрады. Актив мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарының құрамын, орналасуын және пайдаланылуын сипаттайды. Онда мемлекеттік мекеменің бюджеттік шоттағы, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша, депозит шоттардағы, шетел валютасындағы шоттардағы дәне сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнаулы шоттарындағы, кассадағы қаражаты, бюджетпен есеп айырысу және басқа да есеп айырысулар көрсетіледі. Актив бөлімінде кәсіпорынның қаржылары заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе,пассив бөлімінде қайнар көздері қарастырылады.Бухгалтерлік баланста мәліметтер шаруашылықтағы қозғалыстың кредиттегі қалдықтар соммасына жасалады.Бухгалтерлік баланстың актив бөліміндегі көрсеткіштер активті баптар,ал пассив бөліміндегі баптар,пассивті болып келеді.Бухгалтерлік баланстың актив бөлімі 2 бөлімнен тұрад:қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.пассив бөлімі 3 бөлімнен тұрады:қысқа мерзімді міндеттемелер,ұзақ мерзімді міндеттемелер,капитал
Баланс активінің «Активтер» бөлімінде мемлекеттік мекемеге бүкіл тиесілі бюджеттік қаражаттар, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша, шетел валютасындағы шоттар және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнаулы шоттары есебінен сатып алынған активтер, оның ішінде бастапқы құны бойынша жалға берілген, яғни оларды сатып алған іс жүзіндегі шығын бойынша ғимараттар, дайындаулар көрсетіледі. Активтердің бастапқы құнының өзгеруі қосымша күрделі жұмсалымдарды немесе бөлшектеп таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүргізілген активтерді бағалауды жүзеге асырылған жағдайда ғана жүргізіледі.
010 «Активтер»
жолы бойынша баланста жеке
жолда көрсетілетін 014 «Материалдық
емес активтер» қосалқы шотын
қоспағанда, 010-нан 019-ды қоса алғанда
қосалқы шоттарда ескерілетін
мемлекеттік мекемелердің
Жалға берілген активтер бұл жолға енгізілмейді және 01 «Жалға берілген активтер» баланстан тысқары шотына ескеріледі.
011 «Материалдық
емес активтер» (014) жолы бойынша
жерді, суды, пайдалы қазбаларды
және басқа да табиғи
Баланс активінің «Материалдық қорлар» бөлімінде мемлекеттік мекемеге тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтар, материалдар, тамақ өнімдері, отын және жанар май, мал азығы, жемшөп, ыдыс, машиналарға және жабдықтарға босалқы бөлшектер, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары, мал төлдері мен бордақылаудағы малдар, оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ қолданылатын және зертханалық сынаққа арналған материалдар көрсетіледі.
020-070 жолдар бойынша 03 «Бұйымдар мен өнімдер», 04 «Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар», 05 «Мал төлдері мен бордақылаудағы малдар», 06 «Материалдар мен тамақ өнімдері» шоттарда ескерілетін материалдық құндылықтардың, қосалқы шаруашылық өнімдері мен бұйымдары, мал төлдері мен бордақылаудағы малдардың құны көрсетіледі.
Баланс активінің «Арзан құнды және тез тозатын заттар» бөлімінде мемлекеттік мекемеге тиесілі оларды сатып алу құны бойынша қоймадағыларды қоса алғанда, арзан құнды және тез тозатын барлық заттар (бұдан әрі - АТЗ) көрсетіледі.
080 «Арзан құнды және тез тозатын заттар» жолы бойынша АТЗ-ның, оның ішінде 070-073 қосалқы шоттарда ескерілетін арнайы киімдер мен арнайы аяқ-киімдердің құны көрсетіледі.
Баланс активінің «Өндіріске және басқа да мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінде өндірістік (оқу) шеберханалардың, қосалқы ауыл шаруашылығы мен оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың бұйымдары мен өнімдерін дайындауға арналған, баспа өнімдерін шығару және қызмет көрсетулер жөніндегі шығындар, сондай-ақ материалдарды дайындау және ұқсату жөніндегі шығындар көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемелер
жылдық, тоқсандық есептерді тиісті
құжаттармен расталған
Баланс баптарының
деректері есепті жылдың аяғында
жүргізілген түгендеудің
Түгендеуді:
жылдық есептілікті жасаудан бұрын;
материалдық-жауапты тұлғаларды алмастырған кезде (қабылдау-беру күні);
ұрлану немесе зиян келтіру, сондай-ақ құндылықтардың бүліну фактілері анықталған кезде;
өрт немесе табиғат апаттары жағдайында;
мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде таратқан, қайта ұйымдастырған кезде (біріктірген, қосқан, бөлген және бөлінген кезде) жүргізу міндетті.
және бухгалтерлік есеп деректері бар ақша қаражаттарының іс жүзіндегі болу алшақтығы мынадай тәртіппен реттеледі:
артық деп танылған активтер, материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттары кейіннен артық болу себебін белгілеп, кіріске алуға жатады;
активтердің, материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының жетіспеушілігі мен ұрлануы белгіленген сомалар, сондай-ақ материалдық құндылықтардың бүлінуі салдарынан жоғалған сомалар кінəлі тұлғалардың шотына жатқызылады.
Мемлекеттік мекемелерге берілген рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін пайдаланылмаған рұқсаттардың күші жойылады. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бюджеттік қаражаттардан басқа өзінің иелігінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозиттік шоттан, сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында және шетел валютасындағы шоттардағы шетел валютасынан түсетiн ақшаны иелене алады.
Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру