Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:15, курсовая работа

Описание работы

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………………….3
І-тарау. Бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік есептің мәні…………………………………………………..5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру………………………………………….7
1.3 Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық есептілік нысандарының көлемі ,толтыру тәртібі……………………………………….10
II-тарау.” Қазтеміртранс“мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік баланстың мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы мәні ………………………………………………………..13
2.2 ”Қазтеміртранс “ мемлекеттік мекемесіндегі жұмысшылар және қызметшілермен есеп айырысуды ұйымдастыру……………………………22
III-тарау.Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды жүзеге асыру
3.1 Қаржылық бақылау мен аудиторлық бақылаудың мәні мен маңызы….26
3.2 “Қазтеміртранс”мемлекеттік мекемесінде қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі…………………………………………………………………...36
Қорытынды………………………………………………………………………...44
Қолданылған әдебиеттер……………………………

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ”Қазтеміртранс“. КУРСОВАЯ.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Кез-келген саладағы өндірісті  тиімді басқару және және ондағы кездесетін қандай да бір қарама-қайшылықтардың алдын алу үшін нан өнімдерін өндіретін ұйымдарда шаруашылық операцияларына жедел бақылау жүргізу өте маңызды болып саналады, себебі жалпы өндірістік процестерге қажетті ақшалай ресурстар мен материалдардың мақсатына қарай жұмсалуы кәсіпорынның экономикалық өсуіне және тұрақтануына кепіл бола алады.

Экономикалық  ақпараттар жедел, үздіксіз және қатаң  объективті болған жағдайда ғана өндірісті  басқаруда маңыздылығы жоғарылай  түседі. Сонымен бірге бақылау  субъектілері нақты бақылау жұмыстарын жүзеге асырса, ал құрылымдық бөлімшелердің басшылары шығын нормаларының сақталуына жауап беріп және өндіріс шығындарының мақсатына сәйкес жұмсалуын есептеп, әрі бақылап отырса ішкі шаруашылық бақылаудың тиімділігі  мен маңызыдылығы арта түседі.

Жедел бақылау субъектілері мен олардың атқаратын қызметтерін анықтап алмас бұрын алдыменен олардың мақсаттарын айқындап алған жөн. Кәсіпорындарда ұйымдастырылған ішкі шаруашылық бақылау жүйесі алға қойған мақсаттарын орындаса, онда ол ұйым үшін сенімді, әрі тиімді болып саналады. Сонымен ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетілетін ақпараттардың сенімділігі әрі толықтылығы, шаруашылық операцияларының ұйымның ішкі саясатына, заңдары мен бағдарламасына сәйкестігі, ұйымның барлық мүліктерінің сақталуы, ақша қаражаттар мен материалдардың мақсатқа сай, әрі тиімді пайдаланылуы, жалпы ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің алға қойған жоспарларының орындалуы және олардың қаржылық жағдайларының тұрақтылығы мен тиімділігі ішкі бақылау жүйесінің негізгі мақсаттары болып табылады.

Бақылау ұйымның  өткен қаржылық-шаруашылық қызметінде орын алған қателіктерді, ауытқуларды, кемшіліктерді жоюға бағытталған. Ұйымның қызметінде пайда болған кемшіліктерді болдырмау және оларға жол бермеу үшін басқару шешімін қабылдауға және қабылданған шешімнің орындалуына ықпал ету құралы. Демек, дұрыс ұйымдастырылған бақылау ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жақсартуды және басқару жүйесін үнемі жетілдіруді, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттыруды көздейді.

Жедел бақылау басқару үрдісінде маңызды орын алады. Біріншіден, ол адамдардың тәртібіне, жауапкершілік орталықтарындағы жұмыстардың сапалы орындалуына әсер етіп, осы орталықтардағы тұлғалардың жауапкершілігін арттырады. Екіншіден, қойылған міндеттердің уақытылы және дәйекті орындалуына ықпал етеді. Үшіншіден, өндіріс үрдісінде қандайда бір тәртіп бұзушылық туралы ұйымның басшысының, мамандарының жеке қызметкерлерінің ақпарат алуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде, басқарудың жедел араласуы мамандардың дербестігін жоғарылата түседі.

Жедел шаруашылық бақылау өндіріс тиімділігін жоғарылатуға, ішкі резервтерді арттыру және пайдалануға, үнемдеу режимін күшейтуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға, саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендетуге, негізгі қорлар мен материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды жақсартуға, өндірімсіз шығындарды болдырмауға, меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, қарама-қайшылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жедел шаруашылық бақылау жүйесі алдын ала, ағымдағы және кейінгі болып үш кезеңнен тұрады.

Алдын ала бақылау күнделікті шаруашылық операциялары орындалғанға дейін жоспар және бюджет жасау, келісім шарттарға отыру және өкім құжаттарын рәсімдеу үрдісінде жүзеге асырылады. Мұндай бақылаудың мақсаты - материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының жұмсалу ережелерінің бұзылмауын және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерін болдырмау және ескерту. Алдын ала бақылауда лауазымды тұлғалар маңызды орын атқарады.

Ағымдағы бақылау  күнделікті жедел және бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде өндіріс барысында жүзеге асырылады. Оның мақсаты– жоспардың, өндірістік тапсырманың орындалуын және шығын нормаларының сақталуын, жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Ағымдағы бақылау өндірістік тапсырмаларды орындауда жіберілген теріс ауытқуларды дер кезінде анықтауға, олардың себептерін талдауға және кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға, болашақта болдырмауға мүмкіндік береді.

Кейінгі бақылау  шаруашылық қызметін талдауға байланысты бақылаудың ең толық түрі болып табылады. Ол бастапқы құжаттарда және есеп регистрлерінде операциялардың жасалғанынан кейін тіркелген мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады. Мұндай бақылаудың мақсаты шаруашылық операцияларының дұрыстығын және заңдылығын, жіберілген кемшіліктерді, бұрмалаушылықтарды анықтау болып табылады. Кейінгі бақылау барлық өнідірістік және экономикалық көрсеткіштерді болашақта жақсарту үшін пайдаланылмаған шаруашылық резервтерін іздестіруге және жұмылдыруға жағдай жасайды.

Бақылау қызметтерін  орындау үшін қажетті қаражаттар болмаған жағдайда бақылау субъектілеріне оларды орындау үшін нұсқау беруге болмайды. Сонымен бірге қандай да бір қызметтермен байланыспайтын қаражаттар болмауы керек. Ішкі аудит субъектілерінің міндеттерін анықтау кезінде құқықтар мен мүмкіндіктердің қажетті көлемі берілуі тиіс.

Жедел бақылау қызметін басқарудың шеңберіндегі басқа да элементтермен өзара әрекетте қарастыру қажет. Бақылаумен байланысты міндеттерді шешу барысында әртүрлі функционалды бағыттар бойынша қызметкерлердің өзара әрекеті үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Объектілердің салыстырмалы тар шеңберінде бақылауды топтастырып, жалпы тиімділікке қол жеткізуге болмайды, сондықтан әртүрлі типтегі объектілер барабар бақылаумен қамтылуы қажет.

Әрбір субъектінің бақылау  қызметтерінің сапалылығы жедел  бақылаудың басқа субъектілерімен тексеріліп және оларды жүзеге асыру барысында бірін бірі қайталамау қажет. Басқарма, басқарма төрағасы, коммерциялық директор, бас бухгалтер, бас аудитор және тағы да басқалардың бақылау қызметтерінің дұрыс орындалуына ең алдымен қоғам құрылтайшылары қызығушылық танытады, сондықтан жоғарыда аталған субъектілердің қызметтері құрылтайшылардың жалпы жиналысымен бақылануы қажет деп есептейміз.

Өнімдерді өндіру кезінде  негізгі міндеттердің бірі олардың  өндірісін бақылау болып табылады. Сондықтан, өндірісті бақылау технологиялық процестің дұрыс жүргізілуін қадағалаудың және қажет болған жағдайда оны түзетудің негізгі құралы болып саналады. Сонымен қатар өндірістік бақылаудың мәліметтері ысыраптардың алдын алу шараларын қабылдауда негіз болып саналады. Өндірісте тұрақты және дұрыс ұйымдастырылған бақылау жүйесі дайын өнім сапасын қадағалауға және жоғары сапалы өнімді шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде біз жедел бақылау  объектілерін мойындау және оларды жауапкершілік орталықтары бойынша іске асыру арқылы бөлімше басшысы мен өндіріс меңгерушісінің жұмыс сапасын бағалауға және нақтылығын анықтауға толық мүмкіндіктер қалыптасатынын анықтап отырмыз.

Ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ішкі аудитпен салыстырғанда  бақылау объектісі болып өндірістік ресурстар мен өндірістік, технологиялық процестердің өзі емес, өндірістік ресурстардың пайдалану тиімділігі мен сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлердің (негізгі және қосымша шикізат қоймасының меңгерушісі, нан және өндіріске шикізаттың қосымша түрлерін дайындайтын цех шебері; қамыр дайындау цехының шебері; өнім сапасын бақылауды іске асыратын, қосымша шикізат пен дайын өнімді зертханалық бақылаудан өткізетін зертханашылар; экспедитор; дайын өнім қоймасының меңгерушісі) қызметтері табылады.

Сондықтан өздерінің  әрекеттері немесе әрекеттенбеуінен өнім өндірісінің технологиялық процесін сақтамай (шикізатты сақтау шарттарын орындамау, ет пен қосымша шикізатты артық жұмсау және т.б.) ұйымға зиян келтірген немесе өндірілетін өнім сапасының нашарлауына тікелей әсер еткен нақты тұлғалар жауап беруі керек.

Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қабылдаған шешімдерінің, жоғары тұрған органдарының өкімдері және нұсқаулары мен кейбір жағдайларда үйлеспей жататын кездері де болуы мүмкін. Сондықтан, ішкі шаруашылық бақылауды жүзеге асырған кезде олардың заңдылығы мен орындылығы тұрғысынан алып қарағанда мұқият тексеруге жатады. Бақылаудың объектісі – тексеруге жататын нысандар болса, субъектісі – лауазымды тұлғалар, қызметтер және материалдық-жауапты тұлғалар.

Бақылау қызметінің жетекшісі  ұйымның басшысымен немесе жалпы  қабылданған тәртіппен (лауазымдық нұсқауға сай) қызметке тағайындалады және босатылады.

Ішкі бақылаудың сенімді  жүйесі кездейсоқ пайда болмайды. Оның пайда болуына бірқатар себептер әсер етеді, оның ішінде:

-  басқару сапасы, яғни басшылықтың жұмысты тиімді жоспарлау мен бақылау қабілеті;

- қызметкерлердің біліктілігі және оның лауазымдық нұсқауларды дұрыс орындау қабілеті;

- міндеттерді бөлу және алмастыру үшін жағдай тудыратын еңбек ресурстарының болуы;

Жоғарыда аталған факторлардың барлығы өзара байланысты, сондықтан, ішкі бақылаудың сенімді жүйесіне қызығушылық  білдірген әкімшілік білікті  қызметкерлер жалдауға ұмтылып, жоспарлау  мен бақылау қажеттілігін мойындайды және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ұйымды басқару мен дамыту уақытын тиімді, әрі ұтымды пайдалануға ұмтылған әкімшілік жауапкершіліктің негізгі бөлігін ішкі аудитке жүктейді. Ішкі бақылау қызметі осындай жауапкершілікті қабылдауға дайын. Сонымен аталған факторлар басқару сапасын анықтайды.

Нарықтық қатынастардың  даму жағдайында ұйымдардың экономикалық тиімді қызмет істеуіне талдау және жедел  бақылаумен қатар ішкі аудиттің де алатын орны ерекше. Себебі аудит арқылы ұйымдардағы бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртіптерін сараптай отырып, ішкі бақылау жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар аудит шаруашылық субъектілерді толық ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, ұйымның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға, қызмет тиімділігін арттыруға және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызметі туралы” Заңында аудитке мынадай анықтама берліген: “Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады ”.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Д. Тәжібаев өзінің ғылыми еңбегінде “Нарықтық қатынастардың  дамуында тәуелсіз қаржылық бақылау  болып саналатын аудиттің рөлі арта түсуде”, - деп атап көрсетеді. Ол нарықтың даму кезінде аудиторлық қызмет пен оның инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясының артықшылығы болуы қажеттігін түсіндіре отырып, аудит тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін дамытуды және барлық меншік нысанындағы субъектілердің қызмет тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет деп тұжырымдайды.

 Біз де  бұл ғалымның тұжырымдарына қосыла  отырып, тәуелсіз аудит арқылы  ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің  нәтижесін тексеріп қана қоймай, сонымен бірге оның ұйымдастыру  және басқару қызметтерінің сапалылығын бақылай отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу қажет деп есептейміз. Жалпы алғанда аудиттің көмегімен бухгалтерлік құжаттардың барын және олардың дұрыс толтырылуын, сонымен бірге ұйымның әкімшілік тәртіптерінің орындалуын тексеруге және ұйымның барлық активтеріне түгендеу өткізуге болады. Демек, аудиторлық қызметтің мақсаты экономикалық субъектілердің талабын қанағаттандыра отырып, жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Мұндай мақсатқа жету үшін аудиторлық қызмет көрсетушілер аудиторлық қызмет ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, халықаралық стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Аудитор көрсеткен  қызметтердің жоғары сапалылығы экономикалық субъектілердің болашақта шаруашылық жағдайларының жақсаруына, табыс деңгейінің өсуіне маңызды ықпал етеді.

Сондықтан аудиторлық фирмалар немесе аудиторлар Қазақстан Республикасының  “Аудиторлық қызмет туралы”  Заңында көрсетілген негізгі қызметтермен қатар төмендегі міндеттерді де орындауы тиіс:

- шаруашылық операциялары бойынша алғашқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау және олардың заңдылығын тексере отырып, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы қорытынды есептеменің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- ұйымның басқару  жүйесіне берілетін ақпараттардың  сапасын талдай отырып оларға баға беру;

- ұйымның шаруашылық  қызметін, яғни жабдықтау, өндіріс,  сату үрдістерімен  қатар күрделі  инвестициялық жобаларды талдау  арқылы оларды жүзеге асыру  кезінде мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды  жою бойынша кеңес беру;

- ұйымның өндірістік қызметі бойынша жіберілген кемшіліктерді көрсетіп, оларды жою және болашақта болдырмау туралы ұсыныстар бере отырып, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтап, болашақ жобаларды тексеру және оларға баға беру;

- ұйымның бухгалтерлік  есебі мен қаржы жұмыстарының отандық және халықаралық есеп стандарттарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу бойынша кеңес  берумен қатар, ұтымды өндірістік жоспарларды құруға көмектесу. 

Осыдан шығатын  негізгі қорытынды мынадай, яғни аудиттің басты міндеті ретінде субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есептемелердің Қазақстан Республикасының есеп заңдылықтары мен стандарттарына сәйкес жасалуын тексеру және оларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар беру болып саналады.

Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру