Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құнды-лықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін та-быс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар-лы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Кесте 11
«Планета» жауапкершіліг шектеулі серіктестігінң қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер. тенге
Көрсеткіштер |
Жыл соңы жжжжжжжжылжыл |
Жыл басы |
Өзгеріс |
Сатудан түскен түсім |
3823286,29 |
3399402,92 |
+423883,37 |
Өзіндік құн |
|||
Жалпы табыс |
3823286,29 |
3399402,92 |
+423883,37 |
Таза табыс (шығын) |
528669,52 |
928478,10 |
|
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 1,2%-ға, яғни 423883,37 теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның таза табысы 75%-ға немесе 399808,50 теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағым-дағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 971062 теңгеге көбейген. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен шығындардың өсуін білдіреді.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер
Д б = 928478,10 / 2474865,15
Д с = 528669,52 / 1821291,91
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,375 болса, ал жыл соңында оның мәні – 0,290 болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
жыл басына Д = 928478,10 / 545954,99
жыл соңына Д = 528669,52 / 479808,51
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында –1,7 болса, ал жыл соңында оның мәні – 1,1 болды, немесе ағымдағы активтер табстылығының деңгейі 0,06 – ға кеміген.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д
Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;
Д - таза табыс;
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
жыл басына Д = 928478,10 / 1928910,16
жыл соңына Д = 528669,52 / 1341483,40
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,48 болса, ал жыл соңында оның мәні – 0,39 болды, немесе 0,09 – ға азайған.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
жыл басына Д = 928478,10 / 3406,50
жыл соңына Д = 528669,52 /4475,00
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – 272,56 теңге болса, ал жыл соңында оның мәні – 118,14 теңге, немесе 154,42 теңгеге азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д
Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;
Д - Жалпы табыс;
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
жыл басына Д = 3399402,92 / 3399402,92
жыл соңына Д = 3823286,29 /3823286,29
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 1 болса, ал жыл соңында оның мәні – 1болды.
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қызметі шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда [1].
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24].
Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:
-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.
-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.
-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз.
Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қаражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзіндік құнды төмендету негізінді арттырса.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].
Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не болмаса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қо-сымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпорын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Қорыта келе, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Қорытынды
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алады. Бұл олардың өзіндік және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын құру әрекеттеріне, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, ұйым басшыларының басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік–басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді интеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалық шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек. Міне осы жағдай бухгалтерлік есептің екіге (қаржы және басқарушылық) тармақталуына әкеліп отыр.
Алайда, барлық елдерде қаржы есебін жүргізу арнайы жалпыға бірдей қабылданған қағидалармен, жағдайлар тәртіптер мен стандарттармен реттеледi, оларды сақтау есепті мәліметтерді қалыптастыру кезінде міндетті болады. Ал, қаржылық есеппен салыстырғанда, басқарушылық есепті жүргізу заңмен немесе басқалай жағдайлармен реттелiнбейдi.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанан кейін мемлекетіміздің көп салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономикасының тұрақтануына елеулі әсер етіп отыр.
Осы салалардың ішінде жалпы жұмыстарының маңыздылығы, олардың жай күйі мен көрсететін қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап берген жағдайда ерекше орын алады. Бәсекеге қабілетті мұнай өнімдері тауар өнімділігін жеткілікті түрде өндіретін өзінің жеке философиясы, мамандандырылған ұжымы, дамыған өндірістік базасы бар бірқатар ұлттық мұнай кәсіпорынларын қалыптастырды.
Бүгінгі таңда зерттеп отырған “Semser-Security” ЖШС мұнай қорын толықтыру және нығайта түсу мақсатында ірі геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Біздің ойымызша, “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ-тың жүргізіп жатқан геологиялық барлау жұмыстары Ембі мұнайшыларының Қазақстан Республикасының аумағынан көмірсутегі кен орындарын ашудағы әдетті дәстүрін жалғастырып отырғандай. “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ-тың мамандары мұнай және газ жиынтықтарының орналасу, өткен кезеңде қол жеткізілген геологиялық барлау жұмыстарының нақты нәтижесі, талдау жасау және ресурстарды анықтау бойынша белгілі болған заңнама негізінде, мұнай өнімділігінің келешегіне салыстырмалы түрде баға беріліп, 2009-2011 жылдар аралығында жүзеге асырылатын геологиялық барлау жұмыстарының бағыты айқындалды. Сонымен қатар осы кәсіпорынның табыстылықты тану жолдары қарастырылды.