Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тауар бағасына енгізілген қызмет көрсету үшін ақы.Тауардың сатылатын бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендіру сомасын қамтығанда (мысалы, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын сату кезіндегі жетілдіру және сатудан кейінгі қолдау), сатушы осы соманы танып, қабылдауды кейінге қалдырады және оны кіріс ретінде қызмет көрсету кезеңі бойы танып қабылдайды. Кейінге қалдырылған сома – осы қызметтерге келіп түсетін пайданы ескере отырып, шартқа сәйкес қызмет көрсету үшін болжанатын шығындарды өтейтін сома.
Жарнама үшін комиссиялық сыйақылар.Бұқаралық ақпарат құралдарының комиссиялық сыйақылары тиісті жарнама немесе жаранамалық ролик жұршылыққа таныстырылған жағдайда танылып, қабылданады. Өндірістік комиссиялық сыйақылар жобаның аяқталу сатысына байланысты танылып, қабылданады
Сақтандыру агенттігінің комиссиялық сыйақылары.Агенттің қосымша қызметтерін ұсыну қажет емес сақтандыру агенттігінің алынған немесе алынуға жататын комиссиялық сыйақылары тиісті сақтандыру полисінің қолданылу немесе жаңадан пайдалану күніне кіріс ретінде танылып қабылданады. Алайда, агент полистің қолдану мерзімі бойы қосымша қызметтер көрсетуге мәжбүр болған ықтималдығы болса, агент комиссиялық немесе олардың бөлігін танып, қабылдауды кейінге қалдырады және олар кіріс ретінде полистің қолдану мерзімі бойына танылып қабылданады.
Кіру үшін ақы.Сатушы көркем-шығармашылық көріністерден, банкеттерден және басқа да ерекше іс-шаралардан келіп түсетін кірісті іс-шара өтіп жатқанда танып қабылдайды. Бірқатар іс-шараларға абонементті сату кезінде сатушы олардың әрқайсысына әрбір іс-шарада қызметтердің орындалу деңгейін көрсететін негізде ақыны бөледі.
Оқу үшін ақы. Сатушы оқу кезеңі бойындағы кірісті танып, қабылдайды.
Бастапқы, кіріс және мүшелік салымдар.Кірісті танып, қабылдау көрсетілетін қызметтердің сипатына байланысты. Егер жарналар тек мүшелікке ғана қатысты болса, ал барлық басқа қызметтер немесе өнімдер жеке төленсе, немесе егер жеке жылдық абонемент қарастырылса, оларды алуға қатысты елеулі күдік тумаған жағдайда жарна кіріс ретінде танылып, қабылданады. Егер жарна мүшеге мүшелік кезеңі бойы қызметтермен және жарияланымдармен пайдалануға немесе мүше емес адамдар үшін тағайындалатын бағалардан төмен бағалар бойынша тауарлар немесе қызметтер сатып алуға құқық берсе, жарна берілген пайдалардың мерзімдерін, сипаты мен құнын көрсететін негізде танылып қабылданады.
Франшиза үшін ақы бастапқы және кейінгі қызметтерді, жабдықтарды және басқа материалдық активтерді және ноу-хауды ұсынуды қамтиды. Тиісінше франшиза үшін ақы кіріс ретінде бұл ақы алынатын шеңбердегі мақсат негізінде танылып қабылданады. Төменде франшиза үшін ақыны танып, қабылдаудың қолжетімді әдістері аталады.
Жабдықтарды және басқа да материалдық активтерді жеткізу кезінде франшиза үшін ақы.Франшиза беруші түсім ретінде активтерді жеткізу немесе меншік құқығын беру сәтінде сатылған активтердің әділ құнын танып, қабылдайды.
бастапқы және кейінгі қызметтерді көрсету кезінде франшиза үшін ақы
Франшиза төлеуші төлем бастапқы немесе жеке болатынына қарамастан, қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде үнемі қызмет көрсеткені үшін ақыны танып қабылдайды. Жеке төлемнің мөлшері үнемі қызмет көрсеткені үшін нақты шығындарды өтеу және пайданың ақылға қонымды үлесін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, үнемі қызмет көрсету үшін шығындарды өтеу және ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті бастапқы төлеу бөлігі кейінге қалдырылуы және қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде танылып қабылдануы тиіс.
Франшиза шартында франшиза беруші басқа сатып алушыларға тағайындайтын бағадан төмен баға бойынша немесе осы сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етпейтін баға бойынша жабдықтарды, артық қорларды немесе басқа да материалдық активтерді жеткізу көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда осы бағадан асыра жасалған есептік шығындарды өтеу және осындай сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз ету үшін жеткілікті бастапқы ақының бөлігі кейінге қалдырылуы және франшиза алушыға тауарлар сату көзделген кезең бойы танылып, қабылдануы тиіс. Бастапқы төлем сомасы барлық бірінші қызметтер және шартта көзделген франшиза беруші міндеттемелері (орналасу жерін таңдау, қызметкерлер құрамын оқыту, қаржыландыру және жарнама сияқты) негізінен орындалғаннан кейін кіріс ретінде танылып қабылданады.
Франшизаның аумақтық шарты бойынша бастапқы және басқа да міндеттемелері осы өңірде белгіленген жеке сауда орындары санына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда бастапқы қызметтерге қатысты ақы бастапқы қызметтерді көрсету негізінен аяқталған сауда орындары санына үйлесімді кіріс ретінде танылып-қабылданады.
Егер бастапқы төлем ұзақ кезең бойы алып отыруға жататын болса және ол толық көлемде алынуына нақты белгісіздік бар болса, ақшалай жарналардың алуына қарай танылып, қабылданады.
Франшиза үшін ақы: франшиза үшін ағымдағы төлемдер
Шарт бойынша берілетін құқықтарды үнемі пайдалану үшін немесе осы шарттың қолданылу мерзімі бойы берілетін басқа да қызметтер үшін алынатын ақы қызмет көрсету немесе құқықтарды пайдалануға қарай кіріс ретінде танылып қабылданады.
Франшиза үшін ақы: делдалдық әрекеттер
Франшиза беруші және алушы арасында біріншісі негізінен франшиза алушының агенті ретінде іс-қимыл жасайтын әрекеттер іске асырылуы мүмкін. Мысалы, франшиза беруші өзіне түсетін пайдасыз тауарға тапсырыс бере алады және оны франшиза алушыға жеткізуді ұйымдастыра алады. Мұндай әрекеттер түсімнің болуына әкелмейді.
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақы
Бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеуші сатылудан кейін сервистік қолдау бойынша қызметтерді қоса алғанда әзірлеуді аяқтау сатысына байланысты кіріс ретінде арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақыны танып қабылдайды.
Лицензиялық төлемдер мен роялти. Лицензиар кәсіпорын активтерін (сауда таңбалары, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары, музыкалық шығармаларға авторлық құқықтар, жазбаларының түпнұсқалары және кинофильмдер сияқты) пайдаланғаны үшін төленген сыйақылар мен роялтиді көбінесе шарт мазмұнына сәйкес танып қабылдайды. Практикалық тұрғыдан танып, қабылдау шарттың қолдану мерзімінің тікелей негізінде жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, лицензиаттың айқындалған уақыт кезінде белгілі технологияны пайдалану құқығы болғанда).
Лицензиатқа бұл құқықтарды еркін пайдалануға рұқсат беретін және олар бойынша лицензиар барлық міндеттемелерді орындаған күші жойылмайтын шарт бойынша бекітілген сыйақыға немесе өтелмейтін кепілдіктерге құқықтарды беру негізінде сату болып табылады. Жеткізуден кейін лицензиар ешқандай міндеттемелерге сай келмеген жағдайда бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға лицензиялық келісім осындай беру мысалы болып табылады.
Басқа мысал: лицензиар кинофильмдерді көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорынды бақылау мүмкіндігі жоқ және әрі қарай билеттен кассалық түсімдерді алуды күтпейтін жағдайда кинофильмдерді коммерциялық мақсаттарда көрсетуге құқығын беру. Мұндай жағдайларда түсім сату сәтінде танылып қабылданады.
Кейбір жағдайларда лицензиялық сыйақы немесе роялти алу алдағы уақытта болатын қандай да бір оқиғаға байланысты. Бұл жағдайларда түсім осы сыйақылар немесе роялти алыну ықтималдығы болған жағдайда ғана танылып қабылданады, бұл көбінесе аталған оқиғаның орын алған кезінде болады.
Субъект барынша дәлдiк деңгейде табысын анықтай алады, ол мәмiлеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсiлiне, күтiлетiн компенсациясына әрбiр тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмiлеге қатысушылармен ортақ шешiмге кеоген жағдайда қол жеткiзедi.
Мәмiленiң сипатына қарап оның аяқталу кезеңiн анықтаған кезде мына әдiстерiнiң бiрiн пайдаланады:
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша орындалған қызметтiң пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негiзде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудеiң, яғни мәмiленiң нәтижесiнде үлкен деңгейдегi дәлдiкпен табысты анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерiнде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебін қарастыратын болсақ, мұнай өнімдеріні сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 6 - бөлiмшесiнiң шоттарында қарастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:
6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды,
қызметтердi) сатудан және қызмет
көрсетуден алынатын табыс" шоты.
Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған
жұмыстардан және сыртқа
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтiрiлген.
Кесте 8. «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шотының корреспонденциялары
Қатар № |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | ||
1 |
2 |
4 |
5 |
1. |
Салықтық шот – фактураларының және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды |
1210,2110 |
6010
|
ҚҚС, сомасына, 12% |
1210,2110 |
3130 | |
2. |
Жұмыстары қабылдау актіслурінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер |
1210,2110 |
6010 |
ҚҚС сомасына, 12% |
1210,2110 |
3130 | |
3. |
Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті |
1040 |
1210 |
Дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен сомасы есептi кезеңнiң аяғында Жиынтық табыс (залал) шотына көшiрiлiп жазылады. Бұл кезде 6010-шоты дебеттеледi де, 5410-шоты кредиттелiнедi.
Қаржыландырудан түсетін табыстардың есебiн есептеу үшiн типтік шоттар жоспарының "Қаржыландырудан түсетін табыс" деп аталатын бөлiмшесi арналған және оған келесi пассивтiк күрделi шоттар жатады. 6110,6120 – "Акциялар бойынша дивиденттер және сыйақы түріндегі табыстар" шоты ұзақ мерзiмдi жалға берiлген қарыздары (заемдары), сатып алынған бағалы қағаздары, пайыз түрiнде табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттердi есептеуге арналған.
Пайыз түрiнде алынатын табыстар ХҚЕС 33 сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уақытша қатынастық негiзiнде ескередi. Мысал, субьектiң тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегi векселi бар делiк. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) құраған. Осы мысал бойынша табыстан төленетiн дивидендтер акционерлердiң оны алуы туралы құқы белгiленсе ғана танылады.
2.2 Шығыстарды тану есебі
Шығындарды есепке алу бағытында өндірістік шығындарды оқшауланған нысаналы есепке алу қажетті қызмет саласы түсіндіріледі. Ішкі ақпараттың түтынушылары белгіленген мәселе бойынша қажетті ақпаратты қамтамасыз етуге қажетті есептің бағытын анықтайды.
Ең алдымен есепте шығындардың үш санаты туралы мағлұмат жинақталады:
Содан соң жиынтық шығындар есептің бағыттары бойынша бөлінеді:
Көрсетілген үш бағыттың әрқайсысы, өз кезегінде, одан әрі нақтылауды, яғни жіктеуді қажет етеді.
Қарастырылған жіктеуге сәйкес есеп жүргізу-өндіріс шығындарының отандық тәжірибесінің есебіндегі жаңа құбылыс.
Нарық қатынастары өндірістік есептің жоспарлаудағы; мөлшерлеудегі, талдаудағы, болжаудағы және жалпы өндірісті басқару жүйесіндегі рөлін күшейтеді. Бухгалтерлік есеп шоттарында өндірістік шығындар туралы мәліметтер қозғалысы 9 кестеде көрсетілген (өндіріс шығындарын есепке алудың жалпы сызбасы).
Айта кететін жағдай, баптар бойынша шығындардың жиынтығы «Негізгі өндіріс» шотында көрсетіледі. Дегенмен бұл мағлұматтар бойынша кәсіпорын өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) әр түрлерінің қайтарымы туралы және қабылдаған шешімдердің шығындар мен пайда мөлшеріне әсері туралы қорытынды жасай алмайды.