Табыс есебін жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.

Содержание работы

1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы

2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация

3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Нуржан Диплом.doc

— 608.50 Кб (Скачать файл)

6. Маңызды және жалпы аудиторлық  процедуралар. Болашақта аудиторлық  тәуекелді қажетті деңгейге дейін  төмендету үшін қалған аудиторлық  процедураларын жүзеге асыру  қажет. Бұл процедуралар детальді  мәліметтердің сұрыптамалық тексеруден  немесе, егер бастапқы есептік мәліметер сенімді деп бағаланған болса, онда талдамалық процедуралардан тұруы мүмкін.

7. Аудит бойынша есептілікті  құру. Жүргізілген аудиттің нәтижелерін  жинақтау қажет және ол минималды  түрде келесіні қамтиды:

  • аудит барысында анықталған маңызды сұрақтарды талқылау және шешу;
  • жоспарлау барысында анықталған барлық аудиторлық тәуекелдіктерді реттеу және ішкі бақылау құралдарын бағалау;
  • аудиттеген ұйымның қаржылық есептілігінде жасалынуы тиіс толықтыруларды сипаттау;
  • қаржылық есептілікке жалпы талдамалық тексеруді жүргізу;
  • жалпы аудиторлық қорытындыны дайындау.

8. Қорытынды кеңесті жүргізу. Аудитті  қорытындылау үшін аудиттеген  ұйымның сәйкес қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізу қажет. Осы кеңесте талқылау және талдау қажет:

  • қаржылық есептілік жобасын;
  • басшылыққа хат;
  • аудит барысында анықталған сұрақтар және оларды шешу жолдары;
  • салық салу мәселелері;
  • шешілмеген мәселелері.

Кеңес аяқталғаннан кейін барлық аталған тұлғала осы сұрақтардың бір түсінігіне келуі қажет. Осындай кеңестерді қорытындының шыұуына және кол коюына дейін өткізу қажет.

9. Жұмыс нәтижелерін бағалау  және жақсарту жоспарын дайындау. Аудиторлық топ мүшелерінің жұмыс  нәтижелерін бағалау қажет. Осы бағалау бойынша жасалған қорытындылар әр бір топ мүшелеріне жасалатын қызметтік аттестациясына қосылады. [11]

 

3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  қаржылық қорытынды есептілігін аудиттеу сипаттамасы.

 

Тәжірибеде қаржылық қорытынды аудитін жүргізу бірнеше этаптардан тұрады:

  1. ұйыммен танысу;
  2. аудиторлық тексеруге келісім-шарт жасау;
  3. аудит жоспарын және бағдарламасын жасау;
  4. қаржылық есептілік көрсеткіштерінің аудиті;
  5. аудит нәтижесі бойынша есепті құру және оны клиентке ұсыну.

Аудитті жүргізу туралы шешімді қабылдау үшін ең алдымен клиент туралы ақпараттарды алып, зерделеу қажет.

«Бизнесті білу» 310 ХАС сәйкес аудитор қаржылық есептілігіне әсер етуі ықтимал операциялар мен нақты қызметтерді, оқиғаларды жеткілікті дәрежеде түсініп анықтау үшін клиенттің бизнесін білу қажет. Яғни, аудиторлық тексеруге дейінгі келісім-шартты жасаудан бұрын аудиторлар аудиттелген ұйым қызметімен танысу қажет.

Осы саладағы жұмыстың тізімі ішкі аудиторлық стандарттармен анықталады. Аудитке тапсырыс берушілердің жағдайы туралы алдын-ала сараптамасының бір нұсқасы төмендегі 6 кестеде келтірілген. Жалпы бұл сатысында аудиторлық жобаны орындау үшін қажетті еңбек шығындарының есептелуі жүргізіледі.

 

Кесте 6. «Планета» ЖШС қызметі жағдайының алдын-ала сараптамасы

 

Қызмет түрінің саны

5

Лицензияның бар болуы (саны)

3

Аудиттің түрі

міндетті

P

инициативті

 

арнайы

 

Қай кезеңге аудит жүргізіледі

1 жыл

Аудитті жүгізу этаптарының саны және кезеңділігі

1

Осы кестедегі мәліметтер қай кезеңге келтірілген

1 жыл

Қызметкерлердің жалпы саны

325

Соның ішінде бухгалтерия қызметкерлері

30

Бухгалтерлік есеп жүйесі

журналды-ордерлік

 

мемориалды-ордерлік

 

бухгалтерлік бағдарлама

P

 

аралас

 

Ішкі аудит қызметінің болуы

бар

Филиалдар, өкілеттіктер

бар

Бағалы қағаздармен операциялар

жоқ

Сыртқы экономикалық қызмет

экспорттық операциялар

25

импорттық операциялар

25

Шот-фактуралар саны

берілген

1200

алынған

2100

Аванстық есептің саны (ай)

10-30 

Кассалық құжаттардың саны

150-200 

Төлем құжаттардың саны теңгеде

30-40 

Төлем құжаттардың саны валютада

10-20 

Негізгі құралдар саны

5600 

Тауарлар саны (номенклатуралық позициялар)

12 

Несиелер мен қарыздар саны

Жеткізушілер саны

1200 

Тапсырыс берушілердің саны

25

Есептік мәліметтер, мың теңге

Баланс валютасы

теңге

Сатудан түскен түсім

7 691 274

Сатудан тыс табыстар

364 685

Салық салынуға дейінгі пайда

353 742


 

Кесте 7. Аудиторлық жобаға еңбек шығындарын есептеу

 

Мамандар

Адам саны

Адам-күн саны

Бір сағаттық қойылым, теңге

Сомма, теңге

Бас аудитор

1

15

3000

360 000

Аудитор (менеджер)

3

45

2000

2 160 000

Салық бойынша кеңес беруші

-

-

-

-

Маман

-

-

-

-

Аудитордың көмекшісі

3

45

500

180 000

Заңгер

-

-

   

Барлығы

7

105

-

2 700 000


 

Аудиторлық тексерудің бастапқы сатысы

Аудиторлық тексерудің басында аудиторлар аудиторлық тексерудің алдын-ала жоспарлау және бухгалтерлік есептіліктің бөлек баптарын тексерудің аудиторлық бағдарламасын дайындау үшін қажетті жұмыстарды орындайды.

Бұл жұмыс көбінесе қамтиды:

  • аудиттелген ұйым қызметінің сипаттамасы;
  • стандартты құжаттарды сұрау;
  • маңыздылық деңгейін анықтау.

Аудиттелген ұйым қызметінің сипаттамасы. Ол мәтін түрде де, кесте түрінде де жүргізіледі. Кесте түріндегі нысанын келтірейік (8кесте):

 

 Кесте 8. Аудиттелген ұйым қызметінің сипаттамасы

 

Қызмет туралы ақпарат

Ақпараттың сипаттамасы

Толық атауы

 

 

Ұйымдық-құқықтық нысаны

 

 

Тіркеу мерзімі

 

 

Жарғылық капитал

 

 

Басқарушы (аты-жөні, қай кезеңнен жұмыс істейді)

 

 

Қаржы директоры (аты-жөні, қай кезеңнен жұмыс істейді)

 

 

Бас бухгалтер (аты-жөн, қай кезеңнен жұмыс істейді)

 

 

Заңды мекен-жайы

 

 

Құрылым (филиалардардың, өкілетіктің  бар болуы)

 

 

Алынған несиелер, ссудалар (кредитор, негіз, келісім,мақсат, мерзім, кепіл)

 

Негізгі жеткізушілердің тізімі

 

 

 

Стандартты құжаттарды сұрау. Аудиторлық фирмада, міндетті түрде, аудиторлық тексеруді ұйымдастыру бастапқы сатысында аудитордың іс-әрекетін қарастыратын, ішкі стандарттар болуы қажет. Көбінесе, аудиторлар басқарушыларға хат жібереді. Бұл хатта тексеруге өз дайындығы туралы, аудиторлар тобына орын дайындауға және қажетті құрал-жабдықтармен (телефон, факс, компьютер, принтер және т.б.) қамтамасыз ету туралы жазылады, сонымен қатар, тексеруге қажетті негізгі құжаттардың тізімін көрсетеді. Құжаттар тізімі аудиторлық тексеру барысында нақтылануы мүмкін

 

Кесте 9. Есепті кезеңге аудиторлық тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын-ала тізімі

 

Құжаттың аты

Дайындауға жауапты

Құжатқа қол қою уақыты

Аудитормен құжатты алу уақыты

Құрылтай құжаттары

Тіркеме құжаттар:

     

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

     

салық органында тіркеу тураы куәлік

     

мемлкеттік мүліктің реестріне енгізу туралы куәлік

     

Есепті кезеңде әрекет ететін лицензиялар

     

Ұйым құрылымының ұйымдастыру схемасы

     

Филиалдардың тізімі

     

Құжат айналымының схемасы

     

Жал келісім-шарттары

     

Сатып алуышлармен мен тапсырыс берушілермен келісім-шарт

     

Мемлекеттік келісім-шартттар

     

Жеткізушілер мен медігерлермеен келісім-шарт

     

Қарыз келісім-шарттары

     

Сақтандыру келісім-шарттары

     

Еңбек келісім-шарттары

     

Еңбекақы есептеу ведомосі

     

Қызметкерлердің жеке шоттары

     

Ұйымдық келісім-шарт

     

Басқарушаладың бұйрықтары

     

Банктер тізімі

     

Есепті кезеңге есеп саясатындағы бекіту туралы бұйрығы

     

Жұмыс шот жоспары

     

Басқарушыны тағайындау туралы бұйрығы

     

Бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрығы

     

Претензиялық істер, алынған притензиялар бойынша сот шешімдері

     

Бухгалтерлік құжаттар

Қаржылық есептілікке қосымша

     

Бухгалтерлік баланс

     

пайда және зиян туралы есеп

     

Айнымалы-сальдолық ведомость

     

Негізгі құралдар тізімі

     

Материалды емес активтер тізімі

     

Есепті кезеңде есептелген амортизация

     

Салық салу мақсатында есептелген амортизация

     

Есепті кезеңде шығысталған негізгі құралдар тізімі

     

Негізгі құралдарды есептеудің бастапқы құжаттары

     

Банк құжаттары

     

Кассалық құжаттар

     

Аудиттелген ұйым қызметкерлерінің тізімі

     

Материалды жауапты адамдар тізімі

     

Қойма бойынша материалды есептер, кіріс ордерлер

     

Өзіндік құн бойынша бастапқы құжаттар:

     

орындалған жұмыс актісі

     

шот-фактуралар

     

талап-жүкқұжаты

     

Сатудан түскен түсім бойынша бастапқы  құжатар

     

орындалған жұмыс актісі

     

шот-фактуралар

     

жүкқұжаттар

     

Сату кітабы

     

Сатып алу кітабы

     

Шот-фактураларды тіркеу журналы

     

Декларациялар

     

Декларацияға қосымшалар

     

Табыс және шығыс салық есебі бойынша регистрлер

     

Салық базасын есептеудің бухгалтерлік анықтамалар

     

Есепті кезең соңын болашақ кезең табыстарын ашу

     

Есепті кезең соңын болашақ кезең шығындарын ашу

     

 

Маңыздылық деңгейін есептеу. Аудиттегі маңыздылық және оны анықтау «Аудиттегі маңыздылық» 320 ХАС сипатталған. Осы стандартта былай делінген: мәлімет маңызды болып саналады, егер оны жіберіп қою немесе бұрмалау пайдаланушылардың қаржылық есеп негізінде қабылданған экономикалық шешімдеріне әсерін тигізсе. [21]

Маңыздылық – бұл қаржылық есептіліктің бабына немесе қате көлеміне байланысты белгілі-бір жағдайды, оның жіберілуі немесе бұрмалауына байланысты пікірді қабылдау.

 Маңыздылық деңгейін есептеу  үшін әр түрлі әдістемелерді  пайдалануға болады. Есептеудің  нақты әдістемесін өз қалауы  бойынша аудиторлық ұйым таңдайды. Енді, тәжірибеде қолданылатын әдістеменің біреуін қарастырып кетейік.

 

Кесте 10. Маңыздылық деңгейін есептеу үшін критерийлер

 

Бухгалтерлік есептің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштердің нормативті мәні, %

Пайда

5

Сату көлемі

2

Меншік капитал

5

Баланс валютасы

2


 

Мысалы, «Планета» ЖШС мәліметтерін пайдаланып маңыздылық деңгейін анықтайық.

 

Кесте 11. Көрсеткіштерді есептеу

 

Негізгі көрсеткіштер

Негізгі көрсеткіштердің мәні, теңге

Критерийлер %

Маңыздылық деңгейін есептеу үшін қолданылған мән, мың теңге

Пайда

543861

5

27193

Сатудан түскен табыс

3823286

2

7646572

Капитал және резервтер

2698000

5

134900

Активтер соммасы

1821291

2

36425,82

Барлығы

   

7845093,82


 

 

Маңыздылық деңгейін есептеу:

(784093,82):4


Маңыздылық деңгейі                               1961273,45 теңге

 

Аудит мақсаты үшін таңдалған нақтылық дәрежесін есептеу:

Маңыздылық деңгейі х 75%


Нақтылық деңгейі                                      1470955,09  теңге

 

Аудиторлық тәуекелді анықтау тәртібі мен түрлері «Тәуекелдерді бағалау және ішкі бақылау» 400 ХАС келтірілген. Бұл стандарт бойынша аудитор аудит жұмысын жоспарлау және аудит жүргізуде тиімді тәсілдерді пайдалану үшін ұйымның есеп жүйесін және ішкі бақылауы туралы толық мағлұмат алуы керек.

Информация о работе Табыс есебін жүргізу