Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Табыс дайын өнiмдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келiсiмшартта анықталады: ал мәмiледен шығатын табыс сомосы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңiлдiктерiн ескере отырып; олардың құндарын өлшейдi. Сатып алушылардың алған активтер үшiн төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде тараптар өздерiнiң келiсімшартында бухгалтерлiк есептiң мынындай басты қағидаларына көңiл бөледi: есептеу, шындық, аламалау, яғни, екi жақты да бiрдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесi жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағалағанда, яғни екi тапрап та мәмiлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтiндiгiн бiлген жағдайда, мәмiлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектiнiң алу ықтималдығы бар болуы мүмкiн. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшiн келiсiм – шартта көрсетiлген соманы сатып алушының төлейтiндiгiн туралы сенiмiн бiлдiредi.
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебін қарастыратын болсақ, мұнай өнімдеріні сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 60-бөлiмшесiнiң шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:
6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс" шоты. Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетiлген қызметтерден түсетiн табыстар көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 6010-шоттың кредитiнде дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс - болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Нақты зерттеліп отырған кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
1) кәсіпорын әкімшілігін басқару
шешімдерін қабылдау үшін
2) болашақтағы экономикалық
3) дайын өнімді бағалау және
қаржылық нәтижелерді есептеу
үшін шығарылатын өнімнің
4) құрылымдық бөлімшелердің
5) ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық
бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің
пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік
қосалқыларға салынған күрделі салымдардың
тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік
қызметті басқару есебінің ақпараттарын
жүйелендіру. Жоғары сапалы өнімді үздіксіз
өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін
тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының
төмендеуі және оны сатудың қиындықтары
кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының
келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде
кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді.
Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп
түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы
әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға
қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің
кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай отырып жақсартудың тиімді жолдарын атап көрсетуге болады:
Біріншіден, өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет
Екіншіден, негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Үшіншіден, капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мүлде бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспарлардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қо-сымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып та-былады.
Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
13. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.
14. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.
15. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
16. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 1995.
17. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.
18. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. - Ярославль, 1993.
19. Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/.- М.: Экономика, 1994.
20. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. — М.: Финансы и статистика, 1995.
21. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. — М.: изд-во «Перспектива», 1996.
22. Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. /Бухгалтерский учет. 1992 г., №5.
23. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту».
Москва, Финансы и статистика, 2008.
24.Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4.
25. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2005. -№3.
26.Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2008.
27.Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2008.
28.Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2004. - №1.
29.Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2008