Табыс есебін жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.

Содержание работы

1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы

2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация

3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Нуржан Диплом.doc

— 608.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтаү кезінде өте маңызды болмақ.

ҚР-ның  2007 жылғы 28 ақпандағы Заң күші бар №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік » жарлығына сәйкес:

  1. Бухгалтерлік баланстан;
  2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
  3. Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.
  4. Меншіктікапиталдың қозғалысы туралы есеп.
  5. Түсініктеме хаттан тұрады.

Сондай-ақ осыларға тіркелген басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.

Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.

Баланс «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.

Бұған қоса баланста сырттай көрсетілген есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:

    • Активті;
    • Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
    • Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.

Осы бойынша қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.

ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін қаржылық есептің жаңа формасы № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.

Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.

Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.

ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.

Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. [18]

Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.

Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.

Қаржылық есепті жасау алдында бірнеше кезеңнен тұратын трансформациялау жүргізілуі тиіс. Трансформация әдістеріне негізгі кезеңдер бойынша есептеу процедуралары жатқызылады:

1.Шоттарға талдау жасап, кәсіпорынның  бухгалтерлік есебінің жағдайын  анықтайды. Анықтау есептіліктің  формаларының негізінде жүзеге  асырылады, яғни:

Бухгалтерлік баланстан;

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп ;

     Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп .

Меншіктікапиталдың қозғалысы туралы есеп.

Түсініктеме хат және есеп саясатын талдау бойынша жүргізіледі.

      2.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес шоттарға жіктеліп көшіріледі:

     3.Трансформациялық кестелер құрылады;

     4. Түзету жазбалары  жасалады.

 Трансформациялау нәтижесі  жоғарыда аталып өткен есептіліктің  барлық нысандарын қамтуы тиіс.

Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді. Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін – тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.  Жалпы қолданыстағы қаржылық есептілік өздерінің нақты ақпараттық қажетсінулеріне сай келетін есептілікті талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажетсінулерін қанағаттандыруға арналған. Көпшілікке арналған қаржылық есептілікте жеке түрде немесе жылдық есеп беру немесе анықтамалық сияқты көпшілік қолды құжаттардың бір бөлігі ретінде ұсынылатын есептілік пішімдері берілмейді. Стандарт жекелеген компанияның қаржылық есептілігіне қатысты және компаниялар тобының жиынтық қаржылық есептілігіне бірдей түрде қолданылады. Алайда ол ҚЕХС-ға сәйкес жиынтық қаржылық есептілік пен аналық компанияның қаржылық есептілігінің ұлттық заңдарға сәйкес бір ғана құжатта ұсынылуына кедергі болмайды, бұл жағдайда олардың әрқайсысын құрастыруға арналған база есептік саясат туралы бөлімде нақты түрде көрсетіліп отыруы тиіс.

 Қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен соның жүзеге асырып отырған операцияларының құрылымдалған түрде ұсынылуы болып табылады. Көпшілікке арналған қаржылық есептіліктің мақсатына пайдаланушылардың кең тобының экономикалық шешімдерді қабылдауы үшін пайдалы кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты ұсынуы жатады. Қаржылық есептілік сонымен бірге кәсіпорынның басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқарудың нәтижелерін көрсетеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық есептілік кәсіпорынның келесі түрдегі көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтамасыз етеді:

    • активтері;
    • міндеттемелері;
    • капиталы;
    • пайда мен залалды қоса алғанда табысы мен шығындары; және
    • ақшалай қаражаттардың қозғалысы.

Бұл ақпарат қаржылық есептілікке арналған түсіндірмелерде берілген өзге ақпаратпен қатар пайдаланушыларға кәсіпорынның келешектегі ақшалай қаражаттарының қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақыт бойынша үлестірілуін және ақшалай қаражаттардың және солардың баламаларының құрылу белгілігін болжамдап отыруға көмектеседі.

 

3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті

 

3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері

Қаржылық қорытынды есептіліктің аудиті дегеніміз – бұл аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылатын және экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептіліктің шынайлылық дәрежесі туралы аудиторлық пікірді айту нәтижесі бар тәуелсіз тексеру.

 «Қаржылық есеп берудің реттеуші мақсаттары мен қағидалары» 200 ХАС сәйкес қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берудің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Қаржылық қорытынды есептіліктің аудиторлық тексеру белгілі-бір тәртіпте құрылады. Әр бір аудитор өз жұмысының тәртібін тексерілген ұйымның ерекшеліктері мен клиентпен жасалған келісім-шартына сәйкес өзі белгілейді.

Аудит процесін ұйымдастыру орындалған жұмыстың сапасына және еңбек шығындарын басқарудың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты, сондықтан аудиттің осы сатысына көп көңіл бөлінеді.

Аудитті жүргізудің аудиторлық әдістемесі аудиттіген тұлғаның қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыра алатын келесідей құрамдас бөлшектерге негізделеді:

1.Клиент қызметіне бағыттау - өткізілген  аудит тиімді және уақтылы  шешімдерді ұсыну мақсатында  клиентпен жыл бойы жұмыс істеуді  және маңызды мәселелерді анықтау  мүмкіндігін береді.

2. Аудиттеген ұйымның басқарушылары мен жоба бойынша жұмыс істейтін аудиторлар тобы арасындағы үздіксіз (тұрақты) қарым-қатынас қойылған мақсаттардың нақтылығына, қолданылған аудиторлық процедуралардың сәйкестігіне туындаған сұрақтарға уақтылы шешім табуға және аудит процесі кезінде кері оқиғалардың жоқтығына кепіл береді.

3. Бизнеске бағыттау – аудиторлық  тексеру негізінен, ақпараттарды  жинау процесі болып табылады. Аудиторлар жиналған ақпараттарды  бағалайды, солардың ішінен ең  маңыздысын таңдайды.

Яғни, аудиттің мақсаты – аудиторлық тексеруді сапалы және тиімді жүргізу және контроллинг (бақылау) жүйесіне бағыттау болып табылады.

Жалпы, аудиторлық тексеруді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1. Аудиттеген тұлғаның қажеттілігін  бағалау, аудитті жүргізу бойынша  топты құру және оның мақсаттарын анықтау. Аудиттеген ұйымның қажеттіліктері мен сұраныстары туралы нақты түсінік алу  және осы қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптималды әдістерді табу маңызды. Аудиторлық тексеруге қатысатын басқарушы қызметкерлер (серіктестерін және бас менеджерді қоса) аудиттеген тұлғаның сәйкес қызметкерлерімен келіссөз жүргізу жолымен осы мақсаттардың максималды тиімді орындалуын қамтамасыз ету керек. [8]

 

Осыдан басқа, аудиторлық тексерудің бірінші кезеңін орындау үшін, сәйкес қызметкерлерін (салық салу, аудит және басқарушылық кеңес беру бөлімінен) тарту қажет. Ұйым туралы нақты көрініс алу үшін топтың әрбір мүшелері тексеруді жүргізгеннен кейін, сәйкес ақпаратты ұсыну керек.

2. Аудиторлық тексеру жобасын  жоспарлау бойынша кеңес жүргізу. Аудиттеген ұйымның қажеттілігі мен сұраныстары сәйкес келетін және оның шаруашылық тәуекелін есепке алатын жалпы аудиторлық стратегиясын құрастыру қажет. Бір уақытта, мұндай стратегия аудиторлық тәуекелді және аудиторлық тексерудің экономикалық аспектілерін есепке алу қажет. Кеңесте сәйкес аудиттеген ұйымның қызметкерлері қатысуы керек және кеңес соңында олар графиктері, аудиттің соңғы мерзімі мен нәтижелері, өздерінің міндеттемелері, жасалған қорытындылары туралы бір түсінікке келуі тиіс. Барлық жағдайларында мұндай кеңес бас менеджерлердің және серіктестің қатысуымен өткізілуі тиіс. (аудиттеген ұйымның кезеңдерін жүзеге асырылуына дейін және есепті кезеңнің аяқталуына дейін), ал оның қорытындысы аудитордың жұмыс құжаттарында құжатталуы тиіс.

3. Нарық конъюктурасы, іскерлік ортасын және т.б. туралы көрінісін алу. Аудиттеген ұйымның шаруашылық тәуекеліне әсерін тигізетін акционерлері, бизнес мақсаттары, іскерлік ортасы, нарық конъюктурасы туралы ақпарат алу қажет.

4. Ішкі бақылаудың маңызды процедураларын  бағалау. Аудиттеген ұйымның пайдаланылған ішкі бақылаудың маңызды процедуралары туралы ақпарат алуы қажет, сонымен қатар, қаржылық есептіліктің  маңызды шоттарына (баптарына) әсер ететін бақылау процедураларын анықтау қажет. Минималды шығындармен құжаттамасын, сонымен қатар, барлық маңызды процедуралар үшін толласыз талдауын дайындау қажет.

5. Тәуекелдікті бағалау ішкі  бақылаудың маңызды процедураларында  анықталған бақылау құралдарының  тиімділігін, сонымен қатар көлемді  бақылау құралдарына сұрыптамалық  тексеруді жүргізу қажет.

Информация о работе Табыс есебін жүргізу