Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты- өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген жұмысшы шоттар жоспарына сәйкес шығындар есебі 7 бөлім шоттарында есепке алынады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi активті шоттар жатады:
7010 "Сатылған өнiмдерді мен қызметтердiң өзіндік құны " шоты. Бұл шотта сатылған өнiмдер, жұмыстар және қызметтердiң өзіндік құны көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 7010-шоттың дебетінде дайын, сатылған өнiмдер, жұмыстар және қызметтердiң өзіндік құны көрсетіледі.
7110 «Өнімдерді сату және қызмет
көрсетумен байланысты
7210 «Әкімшілік шығындар» шотында ұйымның қызметін басқару, бақылау және жоспарлаумен байланысты әкімшілік және жалпы шығындар есебі жүргізіледі.
Өнімдер, қызметтерді сатумен байланысты шығындар мен жалпы әкімшілік шығындары өнімнің өзіндік құнына бірден апарылмайды, олар кезең шығындары деп аталатын шығындар тобын құрайды.
7300 «Қаржыландыру шығындары»
7400 «Басқа шығындар» бөлімшесінің
шоттары негізгі емес
7510 «Тоқтатылған қызметпен
7600 «Үлестік қатысу әдісі бойынша
есепке алынатын ұйымдардың
7710 «Корпоративті табыс салығы
бойынша шығындар» шотында
Шығындар есебін жүргізуге арналған осы 7 бөлім шоттарының барлықтары активті болғандықтан, есепті кезеңдегі есептелген шығын сомалары шоттардың дебеттік айналымында жинақталып, есепті кезең соңында ұйым қызметінің жалпы нәтижесін анықтау мақсатында 5410 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотына апарылады.
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Алматы филиалы бойынша «Планета» Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 11 қарашада мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін атқарып келеді.
ЖШС «Планета» (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік) Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.
Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған
мүлкі бар заңды тұлға болып табылады
және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша
жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге
асырады және сатып алады, серіктестіктің
дербес балансы және өз атауымен мөрі
бар.
Серіктестіктің жарғылық капиталы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін серіктестікте қатысушының үлесімен 130000 000 (жүз отыз миллион ) теңге көлеміне тең сомада жарғылық капитал құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ интеллектуалды қызметтің объектіленген нәтижелеріне құқықтар және басқа да мүлік бола алады. Салым құны заңға сәйкес бағаланады. Жарғылық капиталды көбейту немесе азайту туралы шешімді қатысушы қабылдайды. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі тек салымы төленіп қойған бөлігінде ғана иеліктен шығарылуы немесе кепілге берілуі мүмкін.
ЖШС қызметінің қағидаларында ЖШС қызметі тапсырма берушілермен және орындаушылармен бекітілетін шарттардың негізінде, белгіленген, дербес белгіленетін бағалар бойынша өзінің қызметінің нәтижелерін сатумен жүзеге асырылады.
ЖШС өзінің құрылымен, штаттық кестесін қалыптастырады, еңбек ақы төлеу нысанын, жүйесін және мөлшерін, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңдарын ескере отырып, қызметкерлердің басқа табыстарының түрлерін анықтайді.
ЖШС қызметкерлерінің еңбек және демалыс режимі, олардың әлеуметтік сақтандырылуы және қамтамасыз етілуі, еңбек демалысының мәселелерін және өзге де еңбек мәселелері ҚР қолданыстағы заңдарымен ҚР АҚ және ҚР Еңбек Кодексімен және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен реттеледі. ЖШС өзінің қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы деңгейін жақсарту және көтеру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкін, нақтылап айтқанда, ресми әрекет ететін шараларға қарағанда оларды жақсарту жөніндегі бірқатар мәселелерді (еңбек демалысының, жұмыс күні мен аптасының ұзақтығы, іссапарлық шығыстарды төлеу, еңбек демалысына кеткен кезде қосымша жәрдемақыларды төлеу және Т. С. С.) шешеді.
ЖШС мүлкін айналым қаражаттары (негізгі қорлары, шоттарындағы және кассадағы ақша қаражаттары және басқа да құйылымдылықтары), олардың құны ЖШС балансында көрсетіледі.
ЖШС мүлкі мен қаражаттары:
Қажет жағдайларда қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушылардың ЖШС мүлкіне қосымша салымдар енгізуі туралы шешім қабылдауға құқылы. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының дауыстарының төрттен үш бөлігі көпшілікке дауысқа ие болса қабылданады.
Мұндай шешімге дауыс бермеген (соның ішінде жиналыста болмаған, дауыс беруге қатыспаған немесе одан бас тартқан) қатысушыларқосымша жарналарды салу үшін дауыс берген қатысушылардың олардың үлестерін сатып алуын талап етуге құқылы. Қосымша жарна енгізуге дауыс берген қатысушылар осы бөлікті ҚР АК ережедеріне сәйкес анықталған бағамен ЖШС жарғылық капиталындағы бөліктеріне пропорцианалды түрде сатып алады.
ЖШС мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналарын енгізуге тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ енгізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жауапкершілік «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 24-бабаның ережелері бойынша анықталады.
Қатысушылардың ЖШС мүлкіне енгізген қосымша жарналары жарғылық капитал мен ЖШС қатысушыларының бөлігінің мөлшерін өзгерте алмайды.
ЖШС таза табысы мен шағандарын бөлу:
ЖШС жалпы жиналысы қатысушылардың арасында таза табысты бөлу туралы шешім қабылданған жағдайда әрбір қатысушы оның жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес келетін бөлінетін табыстың бөлігін алуға құқылы. Жалпы жиналыстың таза табысты бөлу туралы шешімді қабылдаған күнінен бастап ЖШС бір ай ішінде ақшалай түрде төлем жасауы тиіс.
ЖШС-тің бүкіл жарғылық капиталын толық төлегенге дейін қатысушылардың арасында таза табысты бөлуге ЖШС-ң құқығы жоқ:
ЖШС қандай да бір қатысушыларын таза табысты бөлуге қатысуынан шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.
ЖШС Жарғылық капиталы біріктіру жолымен құрылтайшының ақшалай салымдарынан құрылады және теңгені құрайды. Әрбір қатысушының салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатысы қатысушының үлесі болып табылады және келесі арақатынаста ақша. Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері 2000000 (Екі миллион) теңге.
ЖШС жарғылық капиталына жарна ақша, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқ, оның ішінде жер пайдалану құқы мен интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқ басқа да мүлік түрінде болуы мүмкін. Жеке мүліктік емес құқ түрінде жарна еңгізуге болмайды.
ЖШС құрамына жаңа қатысушылар алуға немесе ЖШС құрамынан бұрынғы қатысуышыларының бірі шығымен байланысты жарғылық капитал мөлшеріндегі кезкелген өзгеріс алу немес шығу сәтіндегі жарғылық капиталға қатысушылар бөлігін қайта есептеуге әкеледі.
«Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралың ҚР Заңның 24-бабына 1 тармақтарына сәйкес ЖШС қатысушылары ЖШС тіркелген сәтке дейін жарғылық капиталдың жалпы құнының 25 пайызын (алайда жарғылық капиталдың ең кіші мөлшерінен кем емес бөлігі) төлеуге міндетті.
ЖШС жарғылық капиталын көбейту жарна толық төленген соң жүзеге асырылады. ЖШС жарғылық капиталын көбейту келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
ҚР Азаматтық Кодексінде көрсетілген тәртіппен жарғылық капиталдың мөлшерін көбейту кезінде қатысушылардың бөлігінің мөлшері өзгермейді. ЖШС қатысушыларының бірінің қосымша жарна енгізуі жолымен, немесе ЖШС құрамы жаңа қатысушы кіргізген жағдайда көбейетін жарғылық капиталдың мөлшері алғашқы жарна мөлшеріне есепке алып анықталады. Шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімімен қабылданады.
ЖШС басқару органы болып табылады:
ЖШС жарғысы арқылы бақылау органы (тексеру комиссиясы, ревизор) құрылуы мүмкін.
ЖШС-тің жоғары органы – оның қатысушыларының жалпы жиналым, ЖШС-ның атқарушы органымен, жылдың соңы айында куекті жалпы жиналыс шақырылады, немесе басқа жағдайларға қарай, егер де ЖШС мүддесімен талап етілген жағдайда кезексіз жиналыс шақырылады.
ЖШС жылдық қаржылық есептерін бекітуге арналған жиналыс есепті қаржылық жыл аяқталғаннанкейін 3 айдан кешіктірмей өткізіледі.
ЖШС жоғары басқару органының айрықша құзiретiнде мынадай мәселелердi шешу жатады: