Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Егер дебиторлық берешек мөлшерін талдайтын болсақ, онда:
дебиторлық берешектің орташа мөлшері = (есепті кезең басындағы дебиторлық берешек мөлшері + есепті кезең соңындағы дебиторлық берешек мөлшері) / 2
Ал дебиторлық берешектің айналымдылығы
Дебиторлық берешектің жабылу мерзімі
= 360 күн / дебиторлық берешектің айналым саны.
Кесте 5. Дебиторлық берешектің құрамы мен құрылымы
р/с |
Дебиторлық. берешек |
Жыл басында |
Жыл соңына |
Берешектің ауытқуы | |||
Сомасы |
Үлесі |
Сомасы |
Үлесі |
Сомасы |
Үлесі | ||
1 |
Төлен. аванстар |
3003 |
38,65 |
48 |
0,73 |
-2955 |
-37,9 |
2 |
э/энергияға төлем |
4766 |
61,35 |
6558 |
99,27 |
+1792 |
37,9 |
Барлығы |
7769 |
100 |
6606 |
100 |
-1163 |
- |
Кестеден көріп отырғанымыздай, есепті кезеңде дебиторлық берешектің үлкен үлесі э/энергиясымен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш, немесе 1792,0 мың теңгеге үлкен.
Еңбекақы қоры – жоспар бойынша 164975 мың тенге, ал нақты жұмсалғаны 164327 мың тенге, 648 мың тенгеге ұнемделген, бұл яғни еңбекке жарамсыздығына байланысты төлем - 133 мың тенге, басқа сипаттағы 223 мың теңге, оқу және еңбекақысыз демалыс үшін 292 мың тенгені құраған.
Әкімшілік шығындары есепті кезеңде 19804 мың теңге, жоспар бойынша бұл бап 20443 мың теңге болған немесе үнем сомасы 639 мың теңгені көрсетіп тұр..Былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 4614 мың теңгеге көбейген.
Әлеуметтік аударым – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 79 мң теңгеге көп төленген, себебі есепті кезеңде ауруға байлансты еңбекке жарамсыздығы үшін төлемдер төленген.
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын қаржылық есептіліктің 2
Ұлттық стандартының 22 бөлімінде кірістің
қолданылуы және өзгеру жолдарын анықтап
көрсеткен, онда мынадай операциялар мен оқиғалардың:
1) өнімдерді (сату мақсатында субъектінің
өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған)
сату;
2) қызметтер көрсету; және
3) қаржыландырудан түсетін кіріс;
4) өзге де кірістер нәтижесінде алынатын кірісті есепке алу кезінде қолданылатындығы және субъект алынған немесе алынуға жататын өтемніқ әділ құны бойынша кірісті өлшеуге тиіс екендігі айтылған.
Демек, кәсіпорынның табысы –
Сатып алушылардың алған активтер үшiн төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде тараптар өздерiнiң келiсімшартында бухгалтерлiк есептiң мынындай басты қағидаларына көңiл бөледi: есептеу, шындық, аламалау, яғни, екi жақты да бiрдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесi жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағалағанда, яғни екi тапрап та мәмiлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтiндiгiн бiлген жағдайда, мәмiлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектiнiң алу ықтималдығы бар болуы мүмкiн. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшiн келiсiм – шартта көрсетiлген соманы сатып алушының төлейтiндiгiн туралы сенiмiн бiлдiредi.
Келесi шарт сатушыдан сатып алушыға өтетiн меншiк құқығы болып табылады, бұл әдетте берiлген кезден басталады, ал егер сатушы меншiк иесi ретiнде құқығын және мiндеттемесiн сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәмiле бойынша күтiлетiн шығын үлкен нөлдiк деңгейдегi бағалауды қажет етедi.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынатын табыс ретiнде танылады:
- есеп беру күнiне мәмiленiң аяқталу кезеңi үлкен деңгейдегi дәлдiкпен анықталса;
- мәмiленi жүргiзу кезiнде жұмсалған шығыстары да, мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығыстары дв үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағаланса.
Қаржылық есептіліктің Ұлттық 2 Стандартының 22-бөлімінде айтылған табысты танып, қабылдау және өлшеу жөніндегі талаптарды қолдану үлгілерін алатын болсақ:
Сатушы сатып алушы меншік құқығын өзіне алған кезде, егер:
1) жеткізуді жүзеге асыру ықтималдығы болса;
2) сатуды танып, қабылдау кезінде тауар болса, сатып алушыға жіберуге белгіленіп және оған дайын болса;
3) сатып алушы кейінге қалдырылған жеткізілім жөніндегі нұсқаулықты ашық түрде растаса; және
4) төлемнің әдеттегі шартары қолданылса, табысты танып, қабылдайды.
Тауарларды жеткізілу мерзіміне қарай сатып алу немесе жүргізу ниеті ғана болатын болса, онда пайда танылмайды;
Табысты, әдетте сатып алушы жеткізілімді қабылдағанда және орнату мен тексеру аяқталғанда танып, қабылдайды.
Алайда, табысты сатып алушы тікелей жеткізілімді қабылдап алғаннан кейін:
1) орнату процесі қиын болмаса, мысалы, зауытта тестіленген теледидарды орамнан ашуды және қоректендіру көзі мен антеннасын қосуды ғана қажет ететін орнату болғанда; немесе
2) тексеру шарт бағаларын түпкілікті анықтау үшін ғана орындалғанда, мысалы, темір кенін, қантты немесе соя бұршақтарын жеткізу кезінде танып, қабылдайды.
Тауарлар белгілеген тәртіпте уағдаластығы бар және шектелген қайтару құқығы бар сатып алушы мақұлдаған жағдайда тиелген тауарлар
Егер қайтару ықтималдығына қатысты белгісіздік болса, онда табысты жеткізілген тауарды сатып алушы ресми қабылдағанда немесе тауарлар жеткізілгенде және бас тарту үшін уақыт мерзімі асып кеткенде танып, қабылдайды. Тауарлар сату шартымен алушы (сатып алушы) жеткізушіден (сатушыдан) тауарды сату міндеттемесін өзіне алған консигнациялық негізде тиелгенде жеткізуші табысты алушының тауарларды үшінші тарапқа сатқаннан кейін танып қабылдайды.
Егер тауарлар алу кезіндегі төлеу шарттарымен тиелген болса, табыс жеткізілгеннен кейін сатушының немесе оның агенті ақшаны алғаннан кейін танылады.
Тауарлар сатып алушының ішінара төлемдер сериясынан соңғы төлемдер жүргізген кезінде ғана жеткізілетін кейінге қалдырылған сатылымдар сатып алушы мұндай сатудан түскен табысты тауарларды жеткізгеннен кейін танып, қабылдайды. Алайда, егер мұндай сатудың көпшілігі соңына дейін жеткізілетінін тәжірибе көрсетсе, тауарлар болса, сатып алушыға белгіленіп және оған жеткізуге дайын жағдайда төлемақының елеулі бөлігі алынса, онда табыс танып, қабылданған болуы мүмкін.
Артық қорда әлі жоқ, мысалы тауарлар жүргізілуі және үшінші тараптан тікелей сатып алушыға жеткізілуі тиіс болатын тауарларды жеткізуге дейін төлемақысы алынған тапсырыстар сатушы тауарлар сатып алушыға жеткізілген кезде ғана табысты танып, қабылдайды.
Сатушы сол тауарларды біраз уақыт өткеннен кейін бір мезгілде сатып алуға келісетін немесе сатушыда сатылған тауарларды сатып алуға опцион болса немесе сатып алушыны сатылған тауарларды сатушының сатып алу талабымен сатуға опционы болса, сату және қайта сатып алу шарттары:
– делдалдарға, мысалы, таратушыларға, дилерлерге немесе қайта сату үшін басқа тұлғаларға сату
Сатушы әдетте меншік құқығына байланысты қауіп-қатерлер мен пайдалар берілгенде мұндай сатудан түскен табысты танып, қабылдайды. Алайда, сатып алушы агент ретінде әрекет еткен жағдайда сату консигнациялық негіздегі сату ретінде қаралады.
Баспа басылымдарына және ұқсас баптарға жазылу - Егер әрбір кезең ішінде қаралатын баптардың құны бірдей болса, онда сатушы сол кезең ішінде берілген баптар қойылатын кезең ішінде тура желі негізінде табысты танып, қабылдайды. Егер баптың құны кезең өткен сайын өзгерсе, онда табыс жазылуға қойылатын барлық баптардың сату есептік құнының негізінде танылады.
Бөлшектеп алу арқылы өтелетін мерзім ұзартудағы сату бойынша сату күнінде сатушы, пайыздарды қоспағанда, табыстың сатылу бағасына қатысты бөлігіндегі табысты танып, қабылдайды. Сату бағасы өзгертілген пайыздық ставка бойынша алуға төлемдерді дискрнттау арқылы белгіленетін өтеудің берілген құнына тең. Сатушы тиімді пайыз ставкасының әдісін пайдалана отырып, пайыздық құрайтын табыс ретінде танып, қабылдайды.
Жылжымайтын мүлікті сатса әдетте меншіктің заңды құқығы сатушыға ауысқанда сатушы кірісті танып-қабылдайды. Алайда кейбір заңдық құқықтарда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жалпы құқыққа негізделген меншік құқығы алынғанға дейін сатушыға ауысуы мүмкін және меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар осы кезеңде беріледі. Бұл жағдайларда шартты орындау үшін ешбір елеулі іс-әрекеттер жасау қажет болмаса, кірісті танып-қабылдау орынды болады. Осы және басқа жағдайда, егер әділет құқығы нормаларына және немесе ортақ құқыққа негізделген жылжымайтын мүлікке меншік құқығы берілгеннен кейін сатушы қанда да бір маңызды іс-әрекеттер жасауға мәжбүр болса, кіріс осы іс-әрекеттердің орындалуына қарай танылып-қабылданады. Мысал ретінде құрылысы аяқталмаған ғимаратты немесе құрылысты келтіруге болады.
Кейбір жағдайларда жылжымайтын мүлік меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар берілмейтін дәрежеде сатушының үнемі қатысуы сақтала отырып, сатылуы мүмкін. Қарсы сатып алу шарттары осындай мәмілелердің мысалы болып табылады, олардың сатуға және сатып алуға опциондары және белгілі бір кезеңде мүліктің бос болмауына немесе сатып алушының инвестицияларына белгілі кезеңде пайдаға сатушы кепілідік беретін шарттары болады. Мұндай жағдайларда сатушының үнемі қатысуының сипаты мен деңгейі әрекеттің есебін жүргізу тәртібін белгілейді. Ол сату немесе пайданы бөлу туралы қаржы, жалға алу немесе қайсыбір басқа келісім ретінде ескеріле алады. Егер ол сату ретінде ескерілсе, сатушының үнемі қатысуы кірісті танып-қабылдауға кедергі жасауы мүмкін.
Сондай-ақ сатушы төлем қаражатын және сатушының толық төлеу ниетінің нақтылығын ескеруі тиіс. Мысалы, сатып алушының бастапқы төлемін қоса алғанда, алынған төлемдер сомасы немесе оның үнемі іске асырылатын төлемдері сатып алушының төлеуді аяқтау ниетінің ойдағыдай болмауын қамтамасыз еткенде, ақшалай түсімі алынған ақша көлемінде ғана танылып, қабылданады.
Орнату үшін ақы. Сатушы орнату бойынша жұмыстардың аяқталуына қарай кіріс ретінде белгілеу үшін ақыны танып қабылдайды (ақысы тауарды сату ақысына ілескен болып табылған жағдайлардан басқа), ал мұндай жағдайларда ол тауар сатылғаннан кейін танып қабылданады.