Табыс есебін жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.

Содержание работы

1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы

2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация

3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Нуржан Диплом.doc

— 608.50 Кб (Скачать файл)

Бұл проблеманың шешімі көбінесе шығындарды топтастырудың қабылданған түрлерімен анықталады. Басқару мақсаттарын қанағаттандыратын шығындар жіктемесі өндіріс қызметінің басқарушылық есебін ұйымдастырудың негізгі принципі, өндірістік шығындар туралы мәліметтерді өңдеу мен талдау әдісі болып табылады.

Шығындарды жіктеу әртүрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және косымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама) ; өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу міндетті:

өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыккан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу- реттелетін және реттелмейтін.

 

Кесте 9

 

Өндіріс шығындарын есепке алу бағыттары

Шығындарды жіктеу қағидалары

Шығындар жіктелімі

1.  Дайын өнімді калькуляциялау  мен бағалау үшін пайдала-нылатын  шығындар

Кәсіпорын көлемі: 
технология, техника мен өндірісті ұйымдастыру 
ерекшеліктері, шығары- 
латын өнім номенкла-турасы;

есеп айырысу талдамалығы;

бақылау болжамдылығы; өндіріс процесіндегі рөлі; 
төмендету факторлары; 
жоспарлаудағы маңыз- 
дылығы; шығындарды бөлу орындылығы; жалпы шығындардағы 
үлес салмағы, өнімдер 
бойынша бөлу негізді-лігі, есепке алуға жұм-салған еңбек.

 

Нақты шығындар құрамы: 
негізгі және қосалқы мате-риалдар, еңбек шығындары, еңбек 
өндірістік үстеме шығын-дар, есепті мерзімге кіретін, жұмсалған және өзіндік құнға енгізілетін шығындар

2.Шешім қабыл- 
дауға негіз 
болатын өндіріс 
шығындары

Шығындар беталысы: тұрақ-ты, шартты-тұрақты, өзгер-мелі, шартты-өзгермелі. шартты- 
Болашақ мерзім шығында-ры: бағалауда есепке алына-тын және алынбайтын. Шешім қабылдау: қайтарымсыз шығындар, инкременттік, маргиналдық

3. Жоспарлау, бақылау      және  реттеу жүйесін-де пайдаланыла-тын  шығындар

Жауапкершілік орталық- 
тары: реттелетін және реттелмейтін шығындар. Шығындар пайда болатын орындары, нормативтік (сметалық) шығындар және олардан ауытқулар


 

Өндіріске шығынды есептеу үшін жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс - болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Шығындарды есептеу тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруды жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде   кең   талқылануда.   Шығындар   есебі   мәнінің   көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт  аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процесстерін оларды  сандық өлшеу, заттай  және  құнды  көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар дайындайды.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебін басқару үлгісінің сәйкесінше бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

1) кәсіпорын әкімшілігін басқару  шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты  қамтамасыз ету;

2) болашақтағы экономикалық стратегияны  қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды  табу мақсатында нақты шығын  деңгейін норма-тивті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;

3) дайын өнімді бағалау және  қаржылық нәтижелерді есептеу  үшін шығарылатын өнімнің өзіндік  құнын есептеу;

4) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік  қызметінің экономика-лық нәтижелерін  анықтау және бағалау;

5)  ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық  бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім  түрлерінің пайдалылығы, негізгі  қорлар мен өндірістік қосалқыларға  салынған күрделі салымдардың  тиімділігі шешімдер қабылдау  үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.

Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытынды-лай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз, ол өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық"деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім турлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті  мәліметтерді алуға мумкіндік бермейтін.

1887 ж. ағылшын экономистері шығын  туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтүге мумкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты- тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты тұрақты және шарты-озгермелі  

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты- өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар - басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс.

Халықаралық қаржылық есептіліктің 2  «Қорлар» стандартына сәйкес жоспарлау және талдау кезінде өнімнің өзіндік құнының өндірістік шығынын құрайтын мынадай топтау түрлері қолданылады:

  1. шығынның пайда болу орны бойынша(өндіріс, цех, бөлімше ж. т.б.).
  2. өнімнің, жұмыстың және қызметтің түрлері бойынша;
  3. шығындарын өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдістері бойынша.

Бұл аталған топтаулармен шектеліп қалмай, жалпы әдебиеттеріндегі өндіріс шығындарының топталу тәртіптерін басшылыққа ала отырып, өндіріс шығындарын жіктеуді мынандай топтар бойынша кеңейте түсудің маңызы зор.

Жалпы теориялық тұрғыда  өндіріс шығындарын:

- жауапкершілік орталығы бойынша;

- құрамы бойынша;

- өндіріс үрдісіндегі экономикалық рөлі бойынша;

  - өндіріс көлеміне байланысты сипаттамасы бойынша;

- пайда болу кезеңі және өзіндік құнға шығысқа шығарылу немесеесепті кезеңдері бойынша;

- тиімділігі бойынша;

- шығындарының түрі болынша топталады.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген жұмысшы шоттар жоспарына сәйкес шығындар есебі 7 бөлім шоттарында есепке алынады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi активті шоттар жатады:

7010 "Сатылған өнiмдерді мен  қызметтердiң өзіндік құны " шоты. Бұл шотта сатылған өнiмдер, жұмыстар және қызметтердiң өзіндік құны  көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 7010-шоттың дебетінде дайын, сатылған өнiмдер, жұмыстар және қызметтердiң өзіндік құны көрсетіледі.

7110 «Өнімдерді сату және қызмет  көрсетумен байланысты шығындар»  шотында сату процесіне тікелей  қатысты, яғни осы процесстің  іске асырылуына қатысатын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбек ақысы, сатушылардың  еңбек ақысы, жабдықтар амортизациясы сияқты басқа да шығындар есепке алынады.

7210 «Әкімшілік шығындар» шотында  ұйымның қызметін басқару, бақылау  және жоспарлаумен байланысты  әкімшілік және жалпы шығындар  есебі жүргізіледі.

Өнімдер, қызметтерді сатумен байланысты шығындар мен жалпы әкімшілік шығындары өнімнің өзіндік құнына бірден апарылмайды, олар кезең шығындары деп аталатын шығындар тобын құрайды.

7300 «Қаржыландыру шығындары» бөлімшесінде  алынған қарыздар бойынша төленетін  пайыздық шығындар, жалдық төлем  шығындары, қаржылық активтер құнының өзгеруіне байланысты орын алған шығындар сомалары есептеледі.

7400 «Басқа шығындар» бөлімшесінің  шоттары негізгі емес қызметтерге  қатысты орын алған шығындар  есебін жүргізуге арналған, мысалы, активтердің есептен шығарылуы  немесе құнсыздануымен байланысты шығындар, бағамдық айырмамен байланысты шығындар, күмәнді қарыздар бойынша құрастырылған резервтер мен операциялық жал операцияларына қатысты шығындар,  биологиялық активтердің шынайы құнының өзгеруімен байланысты шығындар есепке алынады.

7510 «Тоқтатылған қызметпен байланысты  шығындар» шотында қызметті тоқтатқанда  активтерді сатумен немесе міндеттемелерді  өтеумен байланысты  шығындар  есебі жүргізіледі.

7600 «Үлестік қатысу әдісі бойынша  есепке алынатын ұйымдардың зияндарындағы үлесі түріндегі шығындар» бөлімшесінің шоттары ассоцирленген, бірлескен ұйымдар шеккен зиян сомаларындағы үлес түріндегі шығындарды есепке алады. 

7710 «Корпоративті табыс салығы  бойынша шығындар» шотында корпоративті  табыс салығын есептеумен байланысты шығын сомасы есепке алынады.

Шығындар есебін жүргізуге арналған осы 7 бөлім шоттарының барлықтары активті болғандықтан, есепті кезеңдегі есептелген шығын сомалары шоттардың дебеттік айналымында жинақталып, есепті кезең соңында ұйым қызметінің жалпы нәтижесін анықтау мақсатында 5410 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотына апарылады.  

 

 

2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация

 

 Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық нәтижені анықтау үшін қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

  Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

  Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады.   Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің  деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды. [15]

Информация о работе Табыс есебін жүргізу