Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 13:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.
1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні
1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру
1.3 Кәсіпорынның техникалық экономикалық сипаттамасы
2. Кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы
2.1 Кірістер есебі
2.2 Шығыстар есебі
2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация
3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті
3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері
3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті
3.2 Қаржылық нәтижені талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады:
Біріншіден, өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет
Екіншіден, негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Үшіншіден, капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мүлде бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгізу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізілуі есеп саясатының негізінде қарастырылады. Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның негізінде қаржылық, өнеркәсіптік есеп беруді жасауда қолданылатын әдістердің, принциптердің, дәстүрлердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.
Кәсіпорында есеп саясатын қалыптастыру тәртібін қарастыратын болсақ, ҚЕХС және Ұлттық стандарттарда және есеп жөніндегі басқа негізгі құжаттарда ұсынылғандардан кәсіпорынның өзі:
Есеп пен калькуляцияны ұйымдастыру нұсқаларының тізбесін соза беруге болады. Барлық бухгалтерлік стандарттарды белгіленген тәртіппен қабылданған соң олардың саны тіпті өседі.
Кәсіпорынның есеп саясаты мыналарды қамтамасыз етуі міндетті:
Есеп саясатының негізгі
аспектілері шаруашылық
Есеп саясатындағы кәсіпорын
қабылдаған өзгерістер мүдделі
заңды және жеке тұлғаларды
естеріне салынып, жылдық есеп
беруде көрсетілуі және
Есеп саясаты Уәкілетті органдар мен серіктестіктің қатысушысы шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдері анықталады.
«Планета» ЖШС-тің өз қызметін келесідей құжаттар мен нормативтік актілер негізінде жүзеге асырады:
Қызмет барысында серіктестік өзінің есеп саясатына ішкі нормативтік құжаттарға (бұйрықтар, өкімдер және тағы басқалары) сәйкес рәсімделген өзгертулер енгізе алады. Сондай-ақ есеп саясатына өзгертулер келесі жағдайларда енгізілуі мүмкін:
Кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Планета» басқару органы болып табылады:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Планета» қатысушысы мен директорының өкілеттілігінің айналымы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және серіктестіктің жарғысымен анықталады.
Серіктестік директорының қол астында жұмыс істейді: директор орынбасары, бас бухгалтер, қызметті атқарушы тұлғалар, жұмысшылар және т.б.
Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және салық есебінің жүргізілуін қадағалайды.
Кәсіпорын құрылымында келесідей бөлімдер мен қызмет көрсетулер бар:
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі. ЖШС «Планета» бухгалтерлік есеп келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
«Планета» ЖШС-тің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің мақсаты болып мүдделі тұлғаларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық жағдайы, ондағы өзгерістер және қызмет нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету табылады;
Серіктестіктің бухгалтерлік
есебі келесі қағидаларға
Қаржылық есептілікті жасау
кезеңі болып күнтізбелік жыл
саналады. Алдыңғы жылдардың қаржылық
есептілігін құрған кезде
Қаржылық есептілік ҚЕХС 1 стандартына сәйкес жасалады және оның құрамына төмендегілер кіреді:
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және
тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен
кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тауарлық материалдық қорларды және оны сату кезеңіндегі шығындар «материалдарды дайындау және кірістеу» және «материалдар құнындағы ауытқулар» шоттарын пайдаланып немесе оларды қолданбай материалдық құндылықтарды дайындау процесін есептеу әдісін таңдау құқығы беріледі: /бұл жағдайда тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау және алуға байланысты шығындар 1310 - «Материалдар» бөлімшесінің жеке талдамалы (аналитикалық) шоттарында ескерілетін болады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың жинақтамалы (синтетикалық) және талдамалы (аналитикалық) есептің қай әдісін: жедел-бухгалтерлік /сальдо/ әдісін немесе қосарланушылық /қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық саны құны қосарланады/ әдісін пайдаланатынын кәсіпорындардың өзі шешеді. Талдамалық есепте тауарлы-материалдық құндылықтарды қалай бағалауға болады: тұрлаулы /жоспарлы, шартты, көтерме/ есеп бағасымен немесе олардың нақты өзіндік құны бойынша бағалайды;-өндіріске және басқа мақсаттарға тауарлы-материалдық құндылықтардың жұмсалуын қалай бағалайды: олардың орташа қалыптасқан өзіндік құны бойынша, «ФИФО» әдісі бойынша /материалдық құндылықтардың ең ескі қорлары бірінші болып жұмсалады, кейінірек алғандары кезең аяғына дейін қорда қалады деп болжанады.
«Планета» ЖШС-те материалдық емес активтер жоқ. Дегенмен теориялық тұрғыда «Материалды емес активтер есебі» 28 халықаралық стандартына сәйкес мынандай анықтама береді , материалды емес активтер – бұл физикалық мәні жоқ, өндірісте немесе дайын өнімді сатуда, әкімшілік мақсатта және басқа ұйымға жалға беруге ұзақ уақыт пайдалануына арналған ақшалай емес активтер.
Оларды:
Бухгалтерлік есеп мақсаты үшін материалды емес активтердің құрамына тек стандартта ғана аталған шарттардың барлығы орындалған кезіндегі обектілер жатқызылады, соның ішінде физикалық (материалды-заттық) мәннің жоқтығы, объектіні бір жылдан аса пайдалану мүмкіндігі және экономикалық пайданы табу қабілеттігін бөлуге болады.
Келтірілген шарттарға сәйкес материалды емес активтерге интеллектуалды меншік объектісіне, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, тауар белгісі және қызмет белгісі, тауардың атауы мен орналасу жері, тауарлық марка, лицензия, патенттер, ЭЕМ бағдарламасы және т.б. жатқызылады. Қаржылық-шаруашылық қызметінде, орындалған бағыты мен қызметіне байланысты материалды емес активтер халықаралық тәжірибеде 5 негізгі топқа бөлінеді:
Амортизация нормасын бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзімінің негізінде ұйымның өзі анықтайды. Пайдалы қызмет ету мерзімі – бұл материалды емес активтердің ұйымға табысты әкелу мерзімі ішіндегі кезең. Бұл мерзім материалды емес активтердің әр бір түрі бойынша анықталады.
ЖШС табысты көрсетілген қызметінен алады. Қызмет көрсетудеiң, яғни мәмiленiң нәтижесiнде үлкен деңгейдегi дәлдiкпен табысты анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерiнде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 60-бөлiмшесiнiң шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:
6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс" шоты. Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетiлген қызметтерден түсетiн табыстар көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 6010-шоттың кредитiнде дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.