Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Өзгерістері кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілетін шынайы құны бойынша бағаланатын қаржылық құралдар санатына жатқызылмаған қаржылық актив әрбір есептік күнгі жағдай бойынша оның болуы мүмкін құнсыздануының объективті дәлелі бар екендігіне бағаланады. Егер активті бастапқы мойындаған соң залал алып келген оқиға болғандығының  объективті дәлелі бар болса және ол оқиға осы активтен түсетін болашақ ақша қаражаттары ағынының шамасын сенімді есептеуге болатын, күтілген шамасына  кері әсер етсе, қаржылық актив құнсызданған болып табылады.  

Қаржылық активтердің (үлестік бағалы қағаздарды қоса) құнсыздануының объективті дәлелдеріне борышкерлердің төлем жасамауларын немесе өз міндеттемелерін өзге де орындамауларын, олардың Қорға берешегін өзге жағдайда Қор тіпті қарастырмайтын да шарттармен қайта құрылымдауын, борышкердің немесе эмитенттің банкротқа ұшырауының белгілерін, қандай да бір бағалы қағаз рыногының жойылуын жатқызуға болады

Оған қоса, инвестициялық үлестік бағалы қағаздарға қатысты оның шынайы құнының оның іс жүзіндегі құнынан төмен едәуір немесе ұзақ уақыт төмендеуі ондай инвестицияның құнсыздануының объективті дәлелі болып табылады.

Қор дебиторлық берешектің құнсыздануының белгілерін жекелеген активтердің деңгейінде де, қоржынның деңгейінде де қарастырады. Жеке алғанда шамасы едәуір барлық дебиторлық берешектің құнсыздануы жеке тәртіпте бағаланады. Дебиторлық берешектің жеке-жеке тексерілген едәуір баптарының құнсызданбағандығы анықталған жағдайда, оларды туындаған, бірақ әлі тіркелмеген құнсыздануды тексеру үшін бір қоржынға шоғырландырады. Дебиторлық берешектің шамалары жеке алғанда едәуір емес баптарының құнсыздануы дебиторлық берешектің тәуекел сипаты ұқсас баптарын бір қоржынға біріктіру арқылы бірге бағаланады.   

Қор құнсыздануды дәлелдейтін фактілерді бағалау кезінде тарихи деректерді дефолттың ықтималдық дәрежесіне, өтеу мерзімдеріне және тартқан залалдардың басшылықтың олардың нәтижесінде іс жүзіндегі залалдар тарихи беталыстарға байланысты күтуге болатын залалдардан көп немесе аз болуы мүмкін ағымдағы экономикалық және кредиттік жағдайларға қатысты пайымдаулары есепке алынып түзетілген сомаларына  қатысты талдайды.

Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржылық активке қатысты құнсызданудан келетін залалдың сомасы активтердің теңгерімдік құны мен осы актив сыйақысының бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған ақша қаражаттарының болашақ ағындарының келтірілген құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Залалдар кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында мойындалады және шамасы дебиторлық берешектің құнынан есептелетін бағалау резервінің шотында көрсетіледі. Құнсызданған активке сыйақы «дисконттың босатылуының» көрінісі арқылы есептеле береді. Құнсызданудан келген залал шамасының азаюына алып келетін қандай да бір оқиға болған жағдайда, бұрын құнсызданудан келген залалға жатқызылған, қалпына келтірілген сома  кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында көрсетіледі.

Сатуға арналған қолда бар активтер санатына жатқызылған инвестициялық бағалы қағаздардың құнсыздануынын келген залалдар бұрын басқа жиынтық табыстың құрамында мойындалған және капитал құрамында шынайы құнның өзгерістерінің резервінде көрсетілген соманы кезең үшін пайданың немесе заладың құрамына ауыстыру арқылы мойындалады. Құнсызданудан келген, басқа жиынтық табыстың құрамынан шығарылған және кезең үшін пайданың немесе залалдың құрамына кіргізілетін осы жинақталған залал негізгі соманың және есептелген амортизацияның төлемдері шегерілген тиісті активті сатып алу құны мен бұрын кезең үшін пайданың немесе залалдың құрамында мойындалған, құнсызданудан келген барлық залалдар шегерілген оның шынайы құнының айырмашылығы болып табылады.  Құнның уақытша өзгеруінен туындаған құнсыздануға есептелген резервтердің өзгерістері пайыздық табыстардың элементі ретінде көрсетіледі. 

Егер сатуға арналған қолда бар активтер санатына жатқызылған, құнсызданған қарыздық бағалы қағаздың шынайы құны кейін өссе және құнның осы өсуін құнсызданудан келген залалды кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында мойындаған соң болған қандай да бір оқиғаға объективті түрде жатқызуға болатын болса, залалға есептен шығарылған сома қалпына келтіріледі, ол кезде қалпына келітірілетін сома кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында мойындалады. Дегенмен, сатуға арналған қолда бар активтер санатына жатқызылған, құнсызданған қарыздық бағалы қағаздың шынайы құнын одан кейінгі кез-келген қалпына келтіру басқа жиынтық табыстың құрамында мойындалады.

Қордың мерзімі ұзартылған салықтық активтерден және қорлардан айырмашылығы бар қаржылық емес активтерінің теңгерімдік құны әрбір есептік күні олардың құнсыздануының мүмкін белгілерін анықтау үшін талданады. Ондай белгілер болған кезде тиісті активтің өтелетін шамасы есептеледі.

Ақша қаражаттарының ағынын тудыратын активтің немесе бірліктің өтелетін шамасы екі шаманың: осы активті (осы бірлікті) пайдалану құндылығының және оның сатуға жұмсалған шығындар шегерілген шынайы құнының үлкені болып табылады. Пайдалану құндылығын есептеу кезінде ақша ағындарының болашақта күтілетін ағындары дисконттаудың салық салынғанға дейінгі, ақша құнының уақыт өте өзгеруінің ағымдағы рыноктық бағалауға әсерін және осы активке тән тәуекелдерді көрсететін мөлшерлемесі пайдаланылып, олардың келтірілген құнына дейін дисконтталады. Жеке-жеке тексеру мүмкін емес активтердің құнсыздануын тексеру жүргізу үшін оларды тиісті активтерді пайдалану жалғасуының нәтижесінде шеңберінде ақша қаражаттарының ағындарының ағыны туындайтын шағын топтарға біріктіреді, ол ақша ағыны басқа активтер немесе активтер топтары («ақша қаражаттарының ағындарын тудыратын бірлік») тудыратын ақша қаражаттарының ағынына тәуелді емес.

Қордың корпоративтік активтері ақша қаражаттарының тәуелсіз ағындарын тудырмайды. Осындай корпоративтік активтің құнсыздану белгілері бар болған кезде, тиісті өтелетін шама осы корпоративтік актив жататын, ақша қаражаттарының ағындарын тудыратын бірлік үшін есептеледі.

Құнсызданудан келген залал активтің өзінің немесе осы актив жататын, ақша қаражаттарының ағындарын тудыратын бірліктің теңгерімдік құны оның өтелетін шамасынан жоғары болған жағдайда мойындалады. Құнсызданудан келген залалдар кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында мойындалады. Ақша қаражаттарының ағындарын тудыратын бірліктің құнсыздануынан келген залалдар алдымен тиісті бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы басқа активтердің теңгерімдік құнының кемуіне жатқызылады.

Тәуекелдерді басқару Қор қызметінің негізі және оның операциялық қызметінің елеулі элементі. Қор өз қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін негізгі тәуекелдер – рыноктық тәуекел, кредиттік тәуекел және өтімділік тәуекелі.

Қордың тәуекелдерді басқару саясаты Қор кездесетін тәукелдерді анықтауға, талдауға және басқаруға, тәуекелдер лимиттерін және тиісті бақылауды белгілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін және олардың белгіленген лимиттерге сәйкестігін үнемі бағалауға бағытталған. Рыноктық жағдайдың өзгерісін, ұсынылатын өнімдерді және қызметтерді, үздік тәжірибені көрсету мақсатымен тәуекелдерді басқару саясаты және рәсімдері үнемі қайта қаралып отырады.

Қордың Директорлар Кеңесі тәукелдерді басқару бойынша бақылау жүйесінің тиісінше жұмыс істеуіне, негізгі тәуекелдерді басқаруға, тәуекелдерді басқару саясатын және рәсімдерін мақұлдауға, сондай-ақ ірі мәмілелерді мақұлдауға  жауапкершілікті.

Қордың басқармасы тәуекелдерге мониторинг жүргізуге және тәуекелдерді төмендету шараларының орындалуына жауапкершілікті, сондай-ақ Қордың өз қызметін тәуекелдердің белгіленген шектерінде жүзеге асыруын қадағалайды. Тәуекелдерді басқару департаменті басшысының міндеттеріне тәуекелдерді жалпы басқару және қолданыстағы заңнама талаптарың сақталуын қадағалау, сондай-ақ қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді анықтаудың, бағалаудың, басқарудың және олар бойынша есептер жасаудың жалпы қағидалары мен әдістерінің қолданылуын бақылау жатады.

Тәуекелдерді басқару департаменті кредиттік, рыноктық тәуекелдерді және өтімділік тәуекелін тұтас қоржындар деңгейінде де, жекелеген мәмілелер деңгейінде де басқарады және бақылайды. Тәуекелдің сыртқы факторлары да, ішкі факторлары да Қордың ұйымдық құрылымының шеңберінде анықталады және басқарылады.

Рыноктық тәуекел. Рыноктық тәуекел – валюталық бағамдарды, сыйақы мөлшерлемелерін және акцияларға баға белгіленуді қоса, рыноктық бағалардың өзгеруінің салдарынан пайданың немесе қаржылық қоржын құнының өзгеру тәуекелі. Рыноктық тәуекел валюталық тәуекелден, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелінен, сондай-ақ басқа да бағалық тәуекелдерден тұрады. Рыноктық тәуекел рыноктағы жалпы және өзіндік ерекшелікті өзгерістердің және рыноктық бағалардың волатильдік деңгейінің өзгерістерінің әсеріне ұшырауға бейім пайыздық, валюталық және үлестік қаржылық құралдарға қатысты ашық позияциялар бойынша пайда болады.

Рыноктық тәуекелді басқарудың міндеті рыноктық тәуекелге ұшырауға бейімділік қабылдауға болатын параметрлердің шегуінен шықпауын басқару және бақылау, сонымен бірге қабылданған тәуекел үшін алынатын табыстылықты оңтайландыруды қамтамасыз ету.

Тәуекелдерді басқару департаменті рыноктық тәуекелді басқару үшін толық жауапкершілікті.

Қор рыноктық тәуекелді жекелеген қаржылық құралдар бойынша қоржынның шамасына қатысты ашық позиция бойынша лимиттер, сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту мерзімдерін, валюталық позицияны белгілеу және оларды сақталуына нәтижелерін Басқарма қарайтын және бекітетін тұрақты мониторинг жүргізу арқылы басқарады.

Сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекелі – сыйақы мөлшерлемелері өзгеруінің салдарынан пайданың немесе қаржылық құралдар құнының өзгеру тәуекелі.

Рыноктық басым сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістері Қордың қаржылық жағдайына және ақша қаражатының ағындарына елеулі әсер етеді. Ондай өзгерулер пайыздық маржаның деңгейін жоғарылатуы да, төмендетуі де мүмкін, ал сыйақы мөлшерлемелері кенет өзгерген жағдайда, залалдарың пайда болуына алып келеді. Сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекелі өтеу мерзімі белгілі қолда бар немесе болжанған активтердің шамасы өтеу мерзімдері ұқсас белгілі қолда бар немесе болжанған міндеттемелердің шамасынан көп немесе аз болған жағдайда пайда болады.

Пайданың немесе залалдың және капиталдың сыйақы мөлшерлемелері қайта қарау тәуекеліне сезімталдығын талдауды келесі түрде көрсетуге болады (табыстылық қисығының 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша күшінде болған сыйақы мөлшерлемелерінің және пайыздық активтер мен міндеттемелер бойынша қайта қаралған позициялардың көбею немесе азаю жағына 100 базистік пунктке паралельді ығысуының қарапайым сценарийінің негізінде құрастырылған):

 

 

 

2012 ж.

 

2013 ж.

 
 

Пайда немесе залал

Капитал

Пайда немесе залал

Капитал

Мөлшерлемелердің көбею жағына100 базистік пунктке паралельді ығысу

2,800

2,800

2,274

2,274

Мөлшерлемелердің азаю жағына100 базистік пунктке паралельді ығысу

(2,800)

(2,800)

(2,274)

(2,274)



 

Пайданың немесе залалдың және капиталдың сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеруінің салдарына сатуға арналған қолда бар активтердің шынайы құныының өзгерістеріне сезімталдығын талдауды келесі түрде көрсетуге болады (2012 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2011жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша күшінде болған позициялардың және табыстылық қисығының сыйақы мөлшерлемелерінің көбею немесе азаю жағына 100 базистік пунктке паралельді ығысуының қарапайым сценарийінің негізінде құрастырылған):

 

 

2013 ж.

 

2012 ж.

 
 

Пайда немесе залал

Капитал

Пайда немесе залал

Капитал

Мөлшерлемелердің көбею жағына100 базистік пунктке паралельді ығысу

 

(45,811)

 

35,313

Мөлшерлемелердің көбею жағына100 базистік пунктке паралельді ығысу

 

46,142

 

(37,531)


 

 

Қордың АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Валюталық тәуекел қандай да бір шет валютасына көрсетілген қолда бар немесе болжанған активтердің шамасы сол валютада көрсетілген қолда бар немесе болжанған міндеттемелердің шамасынан көп немесе аз болған жағдайда пайда болады. Қордың есептік кезеңінің соңында валюталық тәуекелге бейімділігіне қатысты толығырақ ақпарат 25 «Активтер мен міндеттемелерді валюталар бойынша талдау» ескертуінде берілген.

Пайданың немесе залалдың және капиталдың валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдығын талдауды келесі түрде көрсетуге болады (2009 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша күшінде болған позициялардың және АҚШ доллары бағамының теңгеге қатысты 5%-ға төмендеуінің немесе өсуінің қарапайым сценарийінің негізінде құрастырылған):

 

 

2013 ж.

2012 ж.

 

Пайда немесе залал

Капитал

Пайда немесе залал

Капитал

АҚШ доллары бағамының теңгеге қатысты 5%-ға өсуі

18,980

18,980

3,806

3,806

АҚШ доллары бағамының теңгеге қатысты 5%-ға төмендеуі

(18,980)

(18,980)

(3,806)

(3,806)


Бағалық тәуекел – өзгерістер осы қаржылық құралға тән факторлардан болғанына немесе рынокта айналымдағы барлық қаржылық құралдарға әсер ететін факторлардан болғанына тәуелсіз, рыноктық бағалардың өзгеруінің нәтижесінде қаржылық құрал құнының өзгеру тәуекелі. Бағалық тәуекел Қордың қаржылық құрал бойынша ұзын немесе қысқа позициясы бар болған кезде пайда болады.

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы