Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Пайданың немесе залалдың және капиталдың бағалы қағаздарға баға белгілеудің өзгеруіне сезімталдығын талдауды келесі түрде көрсетуге болады (2013 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша күшінде болған позициялардың және бағалы қағаздарға баға белгілеудің 5%-ға төмендеуінің немесе өсуінің қарапайым сценарийінің негізінде құрастырылған):

 

 

2013 ж.

2012 ж.

 

Пайда немесе залал

Капитал

Пайда немесе залал

Капитал

Бағалы қағаздарға баға белгілеудің 5%-ға өсуі

 

1 289

 

973

Бағалы қағаздарға баға белгілеудің 5%-ға төмендеуі

 

(1,289)

 

(973)


 

Кредиттік тәуекел – Қордың қарызгері немесе контрагенті өз міндеттемелерін орындамауының нәтижесінде пайда болатын қаржылық шығындар тәуекелі. Қор кредиттік қоржынның шоғырлану лимиттерін белгілеу және сақтау талаптарын қоса, кредиттік тәуекелді басқару саясатын және рәсімдерін дайындайды. Тәуекелдерді басқару департаментінің қызметіне кредиттік тәуекелге белсенді мониторинг жүргізу жатады. Кредиттік саясатты Директорлар кеңесі қарайды және бекітеді.

Тәуекелдерді басқару департаменті жекелеген кредиттердің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп және өз контрагенттерінің төлем қабілетін тұрақты қайта бағалап отырады.

Кредиттік тәуекелдің ең жоғары деңгейі әдетте бухгалтерлік теңгерімдегі қаржылық активтердің теңгерімдік құнында көрсетіледі. Активтер мен міндеттемелерді өзара есепке алу мүмкіндігінің әлеуетті кредиттік тәуекелді төмендету үшін елеулі маңызы жоқ.

 

 

 

3.2 Валюталық операциялар  аудиті

 

 

Валюталық операцияларды  жүргізуге құқығы бар  өкілетті деп  аталады. Валюталық нарықты барлық ролін анықтайтын негізгі факторлар  банктің үлкендігі, репутациясы, филиал мен бөлімдердің шетелдік бөлімшесінің даму деңгейі, жүргізілетін халықаралық  төмендердің көлемі болып табылады. Сонымен қатар мерзімді кіргізілетін валюталық шектеулердің, банк және оның валюталық саясаты орналасқан орынның телефонды және телексті байланысының жағдайы үлкен роль атұқарады. Ұлттық Банктің мәнді  қатысуынсыз валюталық нарықта  сұраныс пен ұсыныстың негізінде  ұлттық валюта бағамының тұрақтануын  көздейтін теңгенің айырбас курсының бос режиміне өтуі 2000 жылдың сәуірінде  Ұлттық Банкпен жүзеге асырылған. Бұл  жағдайда валюталық реттеудің мәні көтерімді. Оның негізгі міндеттемелері :

- ҚР территориясында  валюталық операция субъектінің  құқығы мен міндеттемелерін, валюталық  бұзудың жауапкершілігін анықтайтын  нормативті құқықтық актілерін  дамыту;

- валюталық заңды сақтауды бақылау(валюталық бақылау)

- валюталық нарықтық жағдайын, істелген валюталық операциялардың көлемі мен структурасы.

Валюталық реттеу есебін шешу үшін ҚР ҰБ келесі әдістерді пайдаланады:

- валюталық операциялардың субъектілері мен объектілердің, валюталық операциялардың субъектілердің құқықтарының және міндеттерінің, валюталық құндылығымен пайдалану ережелерінің орнатылуының анықтауын көздейтін валюталық операцияларды жүргізу тәртібін орнату;

- субъектілердің, объектілердің, көлемнің және тағы басқаға байланысты анықталған валюталық операцияларды жүргізуге шектер орнату;

 - шетел валютасын пайдаланумен байланысты лицензиялау ісі;

- валюталық операцияларды тіркеу;

- валюталық операциялар түрлі есеп анализі және жинағы;

- валюталық заңның сақталуын бақылау, сонымен қатар экспортты - импортты мемлекеттің паспортизация процедураларын орнату жолымен және тексеру жүргізу (инспекция),

- валюталық реттеу сұрақтары бойынша халықаралық  келісім (көбінесе, 1992 жылдың ортасынан Қазақстан халықаралық валюталық фондының (ҚВФ) ұлғасы болады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінде ҚВФ–ң статьялар келісімінің VIII статьясына  қосылды).

Валюталық реттеу жүйесінің  негізі валюталық бақылау болып  табылады. Валюталық бақылау мақсаты  - ҚР резиденттері мен резиденттер емес тұлғалар арқасында валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заңды сақтауды қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары :

- жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестілігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктер;

- шетел валютадағы төлемдерді және олардың келісім–шарт міндеттеріне сәйкес келетіндігін тексеру;

- валюталық операция бойынша есеп беру мен есептің толықтығын тексеру.

Валюта бақылауының  негізгі бағыттары:

  • жүргізілген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетгі лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;
  • шетел валютасындағы төлемдердің контракт шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан негізділігін тексеру;
  • валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығын және дұрыстығын тексеру;
  • валюта бақылауы органдары мен агенттері өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының резидентгері мен резидент еместері жүргізетін валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тіркеу куәліктерінің шарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті;
  • валюта бақылауы органдары өз құзыры шегінде нормативтік актілер шығарады, анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент еместері орындауға міндеггі болып табылатын  заңдарда козделген басқа шараларды қолданады.
  • валюта бақылауы агенттері құқық қорғау органдары  мен  Қазақстан  Ұлттық Банкіне олардың клиенттері валюта операцияларын  жүргізген кезде жіберген валюта заңдарын бұзудың өздеріне мәлім болған барлық фактілері туралы хабарлауға міндетті;
  • валюта бақылауы агенттері өз қызметін жүз<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; fo

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы