Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.
Ұйымның бас бухгалтерi лауазымына
кәсiби бухгалтер тағайындалады.
Басшылық немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк
құжаттарға қол қою құқығы бар
адамдарды анықтайды. Бұл ретте
адамның атқаратын лауазымына, ақша
сомасының мөлшерiне, операцияның
қолданыс аясына және мәнiне қарай қол
қою құқығының сатылылығы белгiленуi
мүмкiн. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын
дара кәсiпкерлер немесе ұйымдар
Қазақстан Республикасының
Шағын кәсiпкерлер мен
ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз
және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi
бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық
есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу
деректерiн электрондық өңдеу
бағдарламаларын Қазақстан
Бастапқы құжаттар мен
бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң
мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын
ақпарат болып табылады, оларға қол
жеткiзуге басшылықтың немесе дара
кәсiпкердiң рұқсаты бар
Заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының бухгалтерлiк
бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика органдарының, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға көрiнеу дұрыс емес қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелсiз себеппен табыс етпеу;
бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде бұзуы, - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазіргі кезде Қазақстанда бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматты түрде өңдейтін бағдарламалардың арасында «1С: Бухгалтерия – Проф. Для Windows»
бағдардамасы көп қолданыс тауып отыр. «1С – Бухгалтерия – Windows үшін» бағдарламасы кешенді мүмкіндіктері бар бағдалама болып табылады
Жүйе кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық қызметінің жекелеген түрлерін автоматтандыруға арналған бағдарламасы болып табылады.
Қазiргi кездегі бухгалтерлік есепті жүргізудің басты ерекшелігі бухгалтерлiк бағдарламалар негiзiнде жүзеге асатын компьютерлiк есеп. Бухгалтерлiк программа адамзат қызметi саласының кәсiби функцияларын автоматтандыру үшiн жеткiлiктi күрделi құрал болып табылады.
Кез-келген кәсiпорындағы бухгалтерлiк есептi автоматтандыру ондағы бухгалтерлiк ақпараттық жүйелердi құруды қамтамасыз етедi. Қазiргi кезеңде бухгалтерлiк ақпараттық жүйелер кәсiпорынның iшiнде жазылмай, көбiнесе сырттай сатып алынады. Бiрақ дайын бухгалтерлiк бағдарламалар кәсiпорынның барлық ерекшелiктерiн ескеруi мүмкiн емес.
3 Валюталық операциялардың аудиті және оларды жетілдіру жолдары |
3.1Валюталық операциялардың аудитін жүргізудің мәні, міндеттері мен жоспарлауы |
Аудиторлық қызметтің
мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі
қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтру,
ұйымның активтері мен
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында
көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру
комапаниялары, көлік және комерциялық
ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар
мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық
операцияларды ақша қаражаттары
ман инвестициялардыңзамын
Жеке және ұжымдық меншік
иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен
қатар кредиторлар өз қызметтерінің
саласында барлық көптеген қаржылық
және шаруашылық операциялардың заңға
сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық
есептерде дұрыс
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің
- салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды
- аудиторлардың меншік
иесі мен мемлекеттің
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін
жан жақты тексеру енеді. Сондықтан
ол аудиторға басшылыққа арналған
және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті
Валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар өкілетті деп аталады. Валюталық нарықты барлық ролін анықтайтын негізгі факторлар банктің үлкендігі, репутациясы, филиал мен бөлімдердің шетелдік бөлімшесінің даму деңгейі, жүргізілетін халықаралық төмендердің көлемі болып табылады. Сонымен қатар мерзімді кіргізілетін валюталық шектеулердің, банк және оның валюталық саясаты орналасқан орынның телефонды және телексті байланысының жағдайы үлкен роль атұқарады. Ұлттық Банктің мәнді қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс пен ұсыныстың негізінде ұлттық валюта бағамының тұрақтануын көздейтін теңгенің айырбас курсының бос режиміне өтуі 2012 жылдың сәуірінде Ұлттық Банкпен жүзеге асырылған. Бұл жағдайда валюталық реттеудің мәні көтерімді. Оның негізгі міндеттемелері :
ҚР территориясында
валюталық операция
Валюталық заңды сақтауды бақылау(валюталық бақылау)
Валюталық нарықтық
жағдайын, істелген валюталық
Валюталық реттеу есебін шешу үшін ҚР ҰБ келесі әдістерді пайдаланады:
Валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылау мақсаты - ҚР резиденттері мен резиденттер емес тұлғалар арқасында валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заңды сақтауды қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары :
Жүргізілетін валюталық
операциялардың заңға
Шетел валютадағы төлемдерді
және олардың келісім–шарт
Валюталық операция бойынша есеп беру мен есептің толықтығын тексеру.
Аудиторлардың жауапкершілігі жүргізген аудиттің негізінде көрсетілген қаржылық есеп туралы пікір білдіру болып табылады. Біз аудитті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргіздік. Осы стандарттар қолданылатын этикалық нормаларды сақтауды, сондай-ақ аудитті қаржылық есепте айтарлықтай бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне жеткілікті дәрежеде сенімді болатындай түрде жоспарлауды және жүргізуді талап етеді.
Аудитке қаржылық есептегі сандық деректерді растайтын және ашып көрсететін аудиторлық дәлелдер алуға бағытталған рәсімдер жүргізу кіреді. Біз ол рәсімдерді арамы іс-әрекеттерге немесе қателіктерге жол берудің салдарынан болған айтарлықтай бұрмалаушылықтардың болуы тәукелін бағалауға негіздеп таңдаймыз. Аудитор осы тәуекелді бағалау барысында қаржылық есепті дайындауды және шынайы ұсынуды қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесін ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатымен емес, тиісті аудторлық рәсімдерді таңдау мақсатымен қарайды. Аудитке бухгалтерлік есептің пайдаланылған қағидаларының дұрыстығын және басшылық есептеген бағалау көрсеткіштерінің негізделгендігін бағалау, сондай-ақ қаржылық есептің тұтастай ұсынылуын бағалау кіреді.
Біз аудит барысында алынған дәлелдер бізге көрсетілген қаржылық есеп туралы пікір білдіру үшін жеткілікті негіз болады деп пайымдаймыз.
Ұсынылған қаржылық есеп Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (бұдан әрі – «ҚЕХС») талаптарына сәйкес дайындалды.
Осы қаржылық есеп сатуға арналған қолда бар активтер шынайы бағасымен көрсетілгенін қоспағанда, тарихи (бастапқы) құнның негізінде дайындалған.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Қазақстан теңгесі (бұдан әрі – «теңге»). Теңге Қор қызметінің негізін құрайтын оқиғалар мен жағдайлардың экономикалық мәнін көрсететін болғандықтан, Қор басшылығы Қордың қызмет валютасы ретінде белгіледі. Осы қаржылық есептің мақсаттары үшін есеп валютасы да теңге.
Теңгемен көрсетілген барлық сандық көрсеткіштер жақын мыңдыққа дейін дөңгелектендірілген.
Қаржылық есепті дайындау басшылықтан активтер мен міндеттемелер сомаларын көрсетуге және қаржылық есеп дайындалған күнгі шартты активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ есептік кезеңдегі табыстар мен шығыстар сомаларын көрсетуге әсер ететін есептік бағалауларды және болжауларды пайдалануды талап етеді. Осы бағалаулар басшылықтың ағымдағы жағдайды білуіне негізделген болса да, іс жүзіндегі нәтижелердің осы бағалаулардан айырмашылығы болуы мүмкін.
Есептік бағалаулар және тиісті болжаулар тұрақты түрде қайта қаралып отырады. Бухгалтерлік есептік бағалауларды қайта қараулар есептік бағалаулар қайта қаралатын және болашақтағы кезеңдерде мойындалады.
Есептік саясаттың келесі негізгі ережелері қаржылық есепті дайындау кезінде қолданылды. Есептік саясаттың өзгерістері осы ескертудің соңында суреттелген.
Шет ел валютасымен жүргізілетін операциялар
Шет ел валютасымен операциялар жүргізілген кезде ол валюта осы операциялар жүргізілген күнгі айырбастау бағамы бойынша Қордың қызмет валютасына есептеледі. Есептік күні шет ел валютасында көрсетілген ақшалай активтер және міндеттемелер есептік күнгі айырбастау бағамы бойынша Қордың қызмет валютасына есептеледі. Шет ел валютасында көрсетілген ақшалай активтермен және міндеттемелермен жүргізілген операциялардан келген пайда немесе залал кезеңнің басындағы жағдай бойынша қызметтік валютада көрсетілген, сыйақының тиімді мөлшерлемесі және кезең ішіндегі төлемдер есепке алынып түзетілген амортизациялық құн мен кезеңнің соңындағы жағдай бойынша валюталық бағам бойынша шет ел валютасында көрсетілген амортизациялық құнның айырмашылығы болып табылады.
Шет ел валютасында көрсетілген және тарихи құны бойынша бағаланатын ақшалай емес активтер және міндеттемелер Қордың қызмет валютасына мәміле жасалған күнгі айырбастау бағамы бойынша есептеледі. Шынайы құны бойынша бағаланатын және бағаланған құны шет ел валютасында көрсетілген ақшалай емес активтер және міндеттемелер Қордың қызмет валютасына шынайы құны анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша есептеледі. Басқа жиынтық табыстың құрамында көрсетілетін ақша қаражаттары ағындарын хеджирлеу операцияларының талаптарына сәйкес келетін аудару кезінде пайда болатын айырмашылықтарды қоспағанда, қайта есептеу кезінде пайда болатын бағамдық айырмашылықтар пайданың немесе залалдың құрамында мойындалады. Шет ел валютасында көрсетілген және іс жүзіндегі шығындар бойынша бағаланатын ақшалай емес активтер және міндеттемелер Қордың қызмет валютасына операциялар жүргізілген күнгі айырбастау бағамы бойынша есептеледі.
Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы