Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Есеп берудің валютасы  деп- қаржы есептілігі көрсеткіштері  есепке алынатын валютасын айтамыз.

Шетелдік валюта – қаржы  есептілігі көрсеткіштерін есепке алатын валютадан  өзге кез келген валюта болып табылады.

Айырбастау бағамы – бір  валютаны басқ ваютаға  айырбастаудың  нарықтық өлшемі болып табылады.

Шетел валютасында жүзеге асырылатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі  мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды  қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие  берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын  жүзеге асыра алады.

Сонымен, қазіргі кезде  еліміздегі кәсіпорындардың шетелдік валютадағы операцияларын есепке алу  ХҚЕС (IAS) 21 «Валюталардың айырбас бағамдарының өзгеруінің ықпалы» стандартына  сәйкес жүргізіледі. Бұл  стандарт тек қана валюталық баптарды хеджирлеудің есепке алынуын және де  валюталық бағамдардың шетелдік кәсіпорынға таза инвестицияны хеджирлеу кезінде пайда болатын айырмашылығын жіктеу үшін қажет.

Кәсіпорын қызметі шетелдік қызмет түрлерімен немесе шетелдік валютамен  байланысты болған жағдайда бірқатар терминдер пайдаланылады, атап атйтқанда:

Шетелдік кәсіпорынға  салынатын таза инвестициялар –  шетелдік кәсіпорынның таза активтеріндегі есеп беруші кәсіпорынның үлесі.

Монетарлық баптар – ақша қаражаты, сондай-ақ белгіленген немесе анықталатын сомаларда алынатын немесе төленетін активтер мен міндеттемелер.  
   Нақты  құн – тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені орындауға болатын сома.

 Шетелдік валютамен  жүргізілеін операциялар деп  – шетелдік валютада көрсетілетін  немесе реттеуге жататын операцияларды  айтамыз, оларға мыналар жатады:

  1. Капитал қозғалысына байланысты шетел валютасын сатып алу немесе сату
  2. Шетел валютасында несиелерді алу немесе беру.
  3. Ішкі валюталық рынокта шетел валютасын сатып алу немесе сату.
  4. Қолма-қол шетел валютасын шетке шығару немесе  тарту.

Резидент – заңды тұлғалар үшін ішкі валюталық рынокта шетел  валютасын сатып алу негіздемелерінің тізбесі кеңейтілді.

Қазақстан Республикасындағы  резиденттер мен резидент еместер  жүргiзген барлық валюта опрациялары  тек өкiлеттi банктер мен айырбастау пункттерiне соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады.

Банк мөрiмен және кассирдiң, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктiң валюталық кiрiс ордерi валюталық шығыс касса ордерiн толтыру үшiн негiз болып табылады.

Нақты валюта беру тапсырмамен  (валюталық шығыс ордерi) рәсiмделедi, оның толтырылған үлгiсi төменде келтiрiлiп отыр. Банк куәләндырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерiнiң) көшiрмесi валюталық кiрiс касса ордерiн жазу үшiн негiз болып табылады.

Шетелдердегi бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару «Аударуға берiлетiн өтiнiштi» жазу арқылы рәсiмделедi.

Валюта шоттары бойынша  операциялар есебi 1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.

Банкте аталған және басқа  да құжаттардың негiзiнде валюталық  шоттың дербес шотына жазу жазылады оның көшiрмесi кәсiпорынға жiберiледi. Осы көшiрмелер валюталық шот бойынша жинақтау тiзiмдемесiн немесе машинограмма жасауға негiз болады.

Валюталық шот оның иесiнiң  өтiнiшi бойынша жабылады. Шот иесi өтiнiшiн өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне жiбередi. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектiнiң атауы өзгерсе немесе шоттың нөмiрi өзгерген жағдайда шот иесi валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтiнiшке қоса тiркеуге мiндеттi.

Бағам айырмашылығын есепке алу, валюталық операция жасаушы  субъектiледе осы валютаға қатысты  теңгенiң крусы өзгерген жағдайда бағам айырмашылығы 6250 – «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотында немесе 7430 – «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» бойынша шығыс шотында есепке алынып отырады.

6250 – «Бағамдық айырмадан  түсетін кірістер» шоты есептерде  валюталардың әртүрлі айырбас  бағамдарын пайдалана отырып  есептілік валютасында көрсетілген  шетелдік валюта бірліктерінің  бірдей санын көрсетудің нәтижесінде  туындайтын бағамдық айырмадан  кірістерді алумен байланысты  операцияларды есепке алуға арналған.

Келiсiмге сай өтеу мерзiмдi әлi келмеген валютадағы дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қатысты  бағам айырмашылығын есептен  шығару, осы қарыздардың өтелуiне қарай немесе мiндеттерiн төлеу мерзiмi өткен соң жүзеге асырылады.

Салық салу мақсатында жылдық табыс субъектiнiң валюталық шотына валюталық қаржы келiп түскен күнi (немесе соңғы есеп беру күнi) күшiнде  болатын Ұлттық банк белгiленген шетелдiк  валютаға қатысты бағамының өзгеруi нәтижесiнде пайда болған оң бағам  айырмашылылығының сомасына азайтылады және терiс бағам айырмашылығының сомасына көбейтiледi.

1050 – «Жинақ шоттарындағы  қаражаты» шоты келесi шотардың кредитiмен корреспонденцияланады:

1020 – «Жолдағы ақша  қаражаты» -валюталық кассадан валюталық шотқа өткiзiлген валютаның сомасы,

1210 «Сатып алушылар мен  тапсырысшылардың қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі», 

2110 – «Сатып алушылар  мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді  берешегі»  үшiн төленетiн валюталық қаржы.

6250 – «Бағамдық айырмадан  түсетін кірістер»  есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістер;

1050 – «Жинақ шоттарындағы  қаражаты» шотының кредитi келесi шоттардың дебетiмен коррспонденцияланады;

1020  ”Кассадағы шетелдiк  валюта түрiндегi нақты ақша”-валюталық  шоттан валюталық кассаға алынған  валютаның сомасына сәйкес;

3310 – «Жеткізушілер мен  мердігерлерге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек», мұнда бір  жылдан кем төлеу мерзімімен  қорларды жеткізу немесе қайта  өңдеу бойынша шығыстарды қоса  алғанда, сатып алынған активтер  мен пайдаланылған қызметтер  үшін жеткізушілермен және мердігерлермен  есеп айырысулар жөнінде операциялар  және жеткізушілердің мердігерлерге  өзге қысқа мерзімді берешегі  көрініс табады.

1030 – «Жеткізушілер мен  мердігерлерге берілетін ұзақ  мерзімді берешек», мұнда бір  жылдан асатын төлеу мерзімімен  қорларды жеткізу немесе қайта  өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса  алғанда сатып алынған активтерге  және пайдаланылған қызметтерге  жеткізушілермен және мердігерлермен  есеп айырысудың болуымен және  қозғалысымен байланысты операциялар  және өзге ұзақ мерзімді берешек  көрініс табады.

7430 – «Бағамдық айырма  бойынша шығыстар», онда шетелдік  қызметке бағамдық айырма бойынша  шығыстарды қоспағанда ағымдағы  кезеңде монетарлық баптарды  беру кезінде туындайтын бағамдық  айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі.

 

 

1.3 Валюталық операциялар түсінігі мен түрлері

 

 

Валюталық операциялар түсінігінің  мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.

Валюталық операцияларға  меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу  операциялары, сонымен қатар төлем  құжаттары мен төлем құралы ретінде  шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар жатады.

ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың  қажеттілігін және маңыздылығын анықтайды. Оның ішіне қаржы – валюталық  қамтамасыздандыру, валюталық несиені  алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден  сақтандыру және т.б. қажеттігі мен  маңыздылығын жатқызуға болады.

Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді  қамтиды:

  • халықаралық есеп айырысудардың уақытылы жүзеге асырылуы;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
  • әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтың өзара байланысы;
  • банктің, кәсіпорынның, мемлекеттiң валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификациясы)
  • валюталық бағамды реттеу;
  • қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алынатын алып- сатарлық пайдасы;
  • экономиканы мемлекеттiк реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Шетел валютасы банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын  және айналымдағы тиындар, сонымен  қатар айналыммен шығарылатын, бірақ  айырбастауға жататын ақша белгілері; шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп - айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржылар болып саналады.

Ал валюталық құндылықтарға:

1)  шетел валютасы;

2) шетел валютасындағы бағалы қағаздар - төлем құжаттары және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер;

3) бағалы  металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;

4) табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және  т. б.

Валюталық операцияларды  жүзеге асыруға құқық берілген банктер- уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында  банктің рөлін анықтайтын негізгі  фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелер мен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалынатын  халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін  валюталық шектеулер, электорндық  және телефондық байланыс жағдайы маңызды  рөл атқарады.

Валюталық операцияларды  біздің елімізде шетел валютасымен  банктік операциялар жүргізуге  ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай  алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүргізеді.

Сыртқы экономикалық қызмет жуйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланымады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, Дипломдық тәуекелдер және т.б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем  құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы  операцияларды жүргізетін субъектілерді  анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің  «резидент» пен «резидент емес»  деген негізгі түсініктеріне  анықтама беру қажет.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы  резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын iске асырған кезде туындайтын қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу және валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды.

«Резидент» түсінігінің  құрамына келесі категориялы азаматтар  мен    мекемелер кіреді:

– ҚР территориясында тұратын  тұлғалар (белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын  тұлғалар да);

  • ҚР заңдарына сәйкес және ҚР территориясында орналасқан заңды тұлғалар;
  • заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен ұйымдар;
  • ҚР-ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми өкілдері;
  • ҚР-ң территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары.

 «Резидент емес» тұлғаларға  жатады:

  • ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар;
  • заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен ұйымдар;
  • ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми представительстволары;
  • ҚР территориясында орналасқан резидент еместердің филиалдары.

Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек               Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек  Ұлттық банктің, сонымен қатар салық  және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда: ерекше банктік операцияларды атқаратын  өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау (пункт) орындарынан тыс шетел  валютасын сатуға, сатып алуға  және айырбастауға тыйым салынады.

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы