Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Ал «есептілік» – шаруашылық субъектісінің қызметіндегі жасалған келісімдердің іс жүзінде нақты  жүзеге асқандығын растайтын құжаттардың  жиынтығы болып табылады.

Бухгалтерлiк есепке алу  құжаттамасы мен қаржылық есептiлiк  арасындағы өзара байланыс  бухгалтерлiк  есепке алу нәтижесінде алынатын мәліметтердің көрсеткіштер түрінде  қаржылық есептіліктің  арнайы формаларында көрсетілгені  жағдайында ғана орнайды.

Есептеу мен үздiксiздiк  бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады. Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық  қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық  сипаттамалары болып табылады

Бухгалтерлiк есеп кәсiпкерлер  мен ұйымдардың операциялары мен  келісім шарттары туралы ақпаратты  жинаудың, тiркеудiң және қорытудың  Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.

Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк  есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн жеке кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты  принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп  пен практиканы бiлдiредi.

Операциялар мен келісім  шарттар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде  көрсетiледi, бұл ретте:

1) бухгалтерлiк жазбаларды  бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына  сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк  жазбаларда барлық операциялар  мен келісім шарттарды көрсету;

2) операциялар мен келісім  шарттарды хронологиялық тәртiппен  және уақтылы тiркеу;

3) әрбiр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды)  есептi талдамалық (егжей-тегжейлi) есеппен  сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге  тиiс.

Операциялар мен келісім  шарттар ұйымдардың уәкiлеттi орган  және (немесе) Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi белгiлеген талаптарға сай келетiн бухгалтерлiк есеп шоттары үлгi жоспарының негiзiнде синтетикалық шоттарда екi рет жазу тәсiлiмен көрсетiледi.

Операциялар мен келісім  шарттардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн жеке кәсiпкер немесе заңды  тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан  әрi - басшылық) белгiлейдi, олар Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн  негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.

Кәсiпкерлер мен ұйымдар  мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды  қамтамасыз етедi.

Бухгалтерлiк құжаттама  бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды.

Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.

Операцияларды немесе келісім  шарттарды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары  немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.

Нысандары немесе оларға қойылатын  талаптар  қағаз және электрондық  жеткiзгiштегi бастапқы құжаттарды жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi және олар мынадай мiндеттi реквизиттердi қамтуға тиiс:

1) құжаттың (нысанның) атауы;

2) жасалған күнi;

3) құжат өз атынан жасалған  ұйымның атауы немесе жеке  кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;

4) операцияның немесе  оқиғаның мазмұны;

5) операцияның немесе  оқиғаның өлшем бiрлiгi (сандық  және құндық көрiнiсiнде);

6) операцияның жасалуына  (оқиғаны растауға) және оның дұрыс  рәсiмделуiне жауапты адамдар  лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi  және қолы;

7) салық төлеушiнiң тiркеу  нөмiрi.

Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк  құқықтық актiлерiнiң талаптарына  және есепке алу ақпаратын өңдеу  тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгiзiлуi мүмкін.

. Бастапқы құжаттар операцияның  немесе оқиғаның iске асырылу  кезiнде не олар аяқтала салысымен  жасалуға тиiс.

Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiнде жинақталады  және жүйеленедi, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.

Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң  деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.

Электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде  жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар  операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес талап ету  құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың  талап етуi бойынша осындай құжаттардың  көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Кассалық және банктiк  бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келiсiм бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн, бұл түзетулер енгiзiлген күнi көрсетiле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиiс.

Басшылық немесе жеке кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi  және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi  ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

Басшылық немесе жеке кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын  құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк  қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер  лауазымын енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi  жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк  немесе аудиторлық ұйымға немесе  кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi  жеке жүргiзудi жүзеге асыра  алады.

Жария мүдделi ұйымдарға  осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының  күшi қолданылмайды.

Кәсiпкерлер мен ұйымдар  бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу деректерiн  электрондық өңдеу бағдарламаларын  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезең iшiнде сақтауға мiндеттi.

Бастапқы құжаттар мен  бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң  мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол  жеткiзуге басшылықтың немесе жеке кәсiпкердiң рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың  лауазымды адамдарына ғана рұқсат етiледi.

Аталған құжаттарға қол жеткiзе алатын адамдар ондағы ақпаратты  олардың иесiнiң келiсiмiнсiз жария  етпеуге мiндеттi және оны жеке мүддесi үшiн пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол  жеткiзе алатын адамдар оны жария  еткенi үшiн Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауапты

Қаржылық есептiлiк элементтерiн  бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын  және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.

Қаржылық есептiлiк элементтерiн  есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.

Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте:

1) бухгалтерлiк жазбаларды  бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына  сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк  жазбаларда барлық операциялар  мен оқиғаларды көрсету;

2) операциялар мен оқиғаларды  хронологиялық тәртiппен және  уақтылы тiркеу;

3) әрбiр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды)  есептi талдамалық (егжей-тегжейлi) есеппен  сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге  тиiс.

Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың  уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi белгiлеген талаптарға сай келетiн бухгалтерлiк есеп шоттары үлгi жоспарының негiзiнде  синтетикалық шоттарда екi рет жазу тәсiлiмен көрсетiледi. Операциялар  мен оқиғалардың талдамалық есебiн  жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрi - басшылық) белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның  қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады. Жеке кәсiпкерлер мен  ұйымдар мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде бухгалтерлiк  есеп жүргiзудi және қаржылық есептiлiк  жасауды қамтамасыз етедi.

Бухгалтерлiк құжаттама  бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды. Бухгалтерлiк  жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде  жүргiзiледi. Операцияларды немесе оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.

Нысандары немесе оларға қойылатын  талаптар мынадай мiндеттi реквизиттердi қамтуға тиiс:

1) құжаттың (нысанның) атауы;

2) жасалған күнi;

3) құжат өз атынан жасалған  ұйымның атауы немесе дара  кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;

4) операцияның немесе  оқиғаның мазмұны;

5) операцияның немесе  оқиғаның өлшем бiрлiгi (сандық  және құндық көрiнiсiнде);

6) операцияның жасалуына  (оқиғаны растауға) және оның дұрыс  рәсiмделуiне жауапты адамдар  лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi  және қолы;

7) салық төлеушiнiң тiркеу  нөмiрi.

Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк  құқықтық актiлерiнiң талаптарына  және есепке алу ақпаратын өңдеу  тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгiзiлуi мүмкін. Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде  не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлiк  есеп тiркелiмдерiнде жинақталады  және жүйеленедi, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi. Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң  деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.. Электрондық  жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау  кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар  операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес талап ету  құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың  талап етуi бойынша осындай құжаттардың  көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Кассалық және банктiк  бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келiсiм бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн, бұл түзетулер енгiзiлген күнi көрсетiле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиiс.

Басшылық немесе жеке  кәсiпкер өзінің қызметін тиімді жүргізу  мақсатында:

1) есеп саясатын бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi  ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

Басшылық немесе кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын  құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк  қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер  лауазымын енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi  жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк  немесе ұйымдарға немесе кәсiби  бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi  жеке жүргiзудi жүзеге асыра  алады.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын  ұйым - шетел институтының мүшесi бухгалтерлiк  ұйымға теңестiрiледi.

Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер  немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы (бұдан әрi - бас бухгалтер) болып табылады.

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы