Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Ескерту- 8 кестеде көрсетілген валюталық бағам Ұлттық Банктің ресми бағамынан алынды

9-кесте- Ұлттық Банк тіркеген Қазақстан Республикасының айырбастау орындарының қолма-қол шетел валютасын сатуы/сатып алуы, 2013 жылғы наурыз

валютаның млн. бірлігі

 

Шетел валютасын сатып  алу

Шетел валютасын сату

USD

EUR

RUR

CNY

USD

EUR

RUR

CNY

Республика бойынша барлығы

525

40

1585

12

1325

84

2829

12

Алматы қаласы

276

25

380

11

602

44

649

11

Алматы облысы

19

0

20

0

27

1

23

0

Астана 

98

16

134

1

135

12

242

1

Ақмола

8

1

65

0

23

1

118

0

Ақтөбе 

9

1

68

0

47

3

140

0

Атырау 

10

0

45

0

47

1

102

0

Шығыс Қазақстан

19

1

201

0

50

2

357

1

Жамбыл

7

0

28

0

30

1

47

0

Батыс Қазақстан

3

0

53

0

21

2

127

0

Қарағанды

22

1

79

0

76

5

228

0

Қызылорда

5

0

33

0

19

0

25

0

Қостанай

9

2

152

0

31

4

204

0

Маңғыстау

9

0

20

0

54

1

87

0

Павлодар

11

1

126

0

38

4

199

0

Солтүстік Қазақстан

8

1

169

0

19

2

210

0

Оңтүстік Қазақстан

13

0

13

0

106

2

70

0


Ескерту- 9 кестеде көрсетілген мәліметтер Ұлттық Банктің ресми сайтынан алынды

 

Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 24 тамыздағы  № 242 қаулысымен    бекітілген:

Ұлттық валютаның ресми  бағамы – теңгенің Қағидалардың қосымшасына  сәйкес шетел валюталарына қатысты  Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты  ресми бағамын белгілеу тәртібі  валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын  және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.

Ұлттық валютаның шетел  валюталарына қатысты ресми бағамын 
белгілеу тәртібі: 

1) Ұлттық Банк ұлттық  валютаның шетел валюталарына  қатысты ресми1 бағамын қор  биржасы шетел валюталары бойынша  сауда-саттық жүргізетін жұмыс  күндері күн сайын белгілейді.

Ұлттық Банк оларға қатысты  ұлттық валютаның ресми бағамын  белгілейтін шетел валюталарының  тізбесі Қағидалардың қосымшасында айқындалған.

Ұлттық валютаның АҚШ  долларына қатысты Астана уақытымен  сағат 11-00-дегі жағдай бойынша қор  биржасының таңғы (негізгі) сессиясында  қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына  қатысты сауда-саттық жүргізілген  күннен кейінгі жұмыс күніне арналған ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Қағидалардың қосымшасында көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күнгі Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша ақпарат агенттіктерінің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына қатысты кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.

Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы  жұмыс күніне белгілеген бағамдары  қолданылады.

Есептелген ресми бағамдардың  сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.

Ақша қаражатының шетелдік валютамен операциялар нәтижесінде  пайда болатын қозғалысы ұйымның  қолданыстағы валютасында ақша қаражатының  осы қозғалысы пайда болған күндегі  қолданыстағы және шетелдік валюталар  арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен  көрсетілуге тиіс.

Халықаралық валюта қоры, мүше болған елдердің төлем балансының жағдайын қадағалайды, қысқа мерзімді несие  береді.

Ұлттық валюта жүйесі - белгілі  бір елдегі, сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.

Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай  қатынастарды ұйымдастыру формасы  болып табылады. Оның пайда болуы  және дамуы халықаралық ақша саласында  парапар шарттарды талап етуші  капиталдың интернационализацияндырудың  дамуының обьективті көрінісі ретінде  қарастыруға болады.

Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу  пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және  ұлттық валютаның айырбас  бағамын тұрақтандару мәселесін  зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін  зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын  жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Валюталық бақылау органдары (Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері (өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды  орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып  табылады.

Валюталық бақылаудың негізгі  жолдары өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің  бар екендігін анықтау; мемлекет алдындағы шетел валютасында  резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық  нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру; шетел валютасындағы төлемдердің  негізділігін тексеру; валюталық операциялар  бойынша есеп ақпардың толықтығы  мен объективтілігін тексеруге  міндетті.

Валюталық операцияларды  реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты –  ҚР резидент және резидент емес тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде  заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Негізгі бақылаушы  Ұлттық банкі  болып табылады. Оның міндеттері:

1) Шетел валютасы мен  шетел валютасындағы бағалы қағаздардың  Қазақстанда айналу тәртібі мен  сферасын анықтайды.

2) Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.

3) Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.

4) Шетел валютасы мен бағалы қағаздар операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.

5) Банктерге, басқа  да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындау лицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.

6) Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.

Валюталық бақылаудың болмауы  еліміздің валюталық жағдайының құлдырауына әкеліп соғар еді. Валюталық  легеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық  бақылаудан бартерлік операциялар  арқылы жолтару кең көлемде орын алады.

Сонымен, Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі  тауарлар мен әрекеттерді экспорттау- импорттау, ҚР аумағында шетел валютасында  оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент  тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде  теңге және шетел валютасында  банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Валюталық операциялар  ҚР-ның валюталық нарығында  валютаны сату мен сатып алу, сұраныс пен  ұсыныстың негізінде ұлттық валюта бағамының тұрақтануына және теңгенің айырбас курсының бос режиміне өтуіне зор үлесін тигізуде.

Валюталық операциялардың заңға  сәйкестігін анықтау ҚР Ұлттық Банкі  қадағалайды. Валюталық бақылау  органдары (Ұлттық банк пен ҚР-ның  үкіметі) және оның агенттері (өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Басты мақсаты валюталық  операцияларды орындағанда валюталық  заңдарды сақтауға бақылау жасау  болып табылады.

Валюталық нарықты  құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық  құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда  қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер  берілді, әсіресе реформалаудың  бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың  дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар  бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық  контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей  ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді  толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «АЛ-САГА» ЖШС-ның валюталық  операцияларының есебін ұйымдастыру

2.1 Валюта шотындағы қаржыларды есепке алудағы құжат айналымы

 


Қазақстан Республикасындағы  резиденттер мен резидент еместер  жүргiзген барлық валюта операциялары тек өкiлеттi банктер мен айырбастау орындарына соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргiзу үшiн, өкiлеттi банктердiң бiрiнен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде  валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерiнiң қызметтерiнен валюта операцияларын жүргiзген кезде өткiзiлетiн операцияларға қатысты кез-келген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Валюта операцияларын  жүргiзген кезде клиенттер банктерге  валюта операциялары туралы хабарлама  мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген  құжаттарды бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн  валюта операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн тапсырады.

Резидент емес-заңды тұлғалармен  шетел валютасында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерiнiң  шоттарында бар валюта қаражаттары  шегiнде нақты  ақшасыз төлеу  тәртiбiнде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегi жария болуға тиiс және мына төмендегi көзделген заңды жолмен алынуы мүмкiн болады: экспорт валюта түсiмi; жарғылық капиталға жарналар; резидент еместердiң қаржы көмегi /гранттар/; өкiлеттi банктерден, шетел  банктерiнен, қаржы мекемелерiнен  және басқа да шетелдiк заңды тұлғалардан  алынатын валюта – несиелерi, сондай-ақ резиденттер емес жеке тұлғалардан алынатын заемдар; өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы iшкi рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы шетел валютасын сатып алу-сатудың екi жақты мәмiлелерi кезiнде сатып алушылар мен сатушылар теңгенi валюталарға айырбастау құнын дербес белгiлеуге құқылы.

Валюта операцияларын  жүргiзген кезде клиенттер банктерге  валюта операциялары туралы хабарлама  мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген  құжаттарды бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн  валюта операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн тапсырады.

Резидент емес-заңды тұлғалармен  шетел валютасында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерiнiң  шоттарында бар валюта қаражаттары  шегiнде нақты  ақшасыз төлеу  тәртiбiнде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегi жария болуға тиiс және мына төмендегi көзделген заңды жолмен алынуы мүмкiн болады: экспорт валюта түсiмi; жарғылық капиталға жарналар; резидент еместердiң қаржы көмегi /гранттар/; өкiлеттi банктерден, шетел  банктерiнен, қаржы мекемелерiнен  және басқа да шетелдiк заңды тұлғалардан алынатын валюта – несиелерi, сондай-ақ резиденттер емес жеке тұлғалардан алынатын заемдар; өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы iшкi рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы