Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Файлы: 1 файл

басы.docx

— 158.59 Кб (Скачать файл)

Резиденттердің тауар  мен қызмет көрсету түрінде төлем  алатын шетел валютасы, сонымен қатар  несие түріндегі өкілетті банктерде  шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк лицензиясында басқалары  да қарастырылмаса. Қазақстан Республикасының  Президенті халықаралық міндеттеменің  атқарылу мақсатында және болжанбаған  жағдай кезінде шектеу бойынша шешім  қабылдауға немесе кез келген валюталық  Қазақстан операциялардың тоқтатылуы құқылы.

Коммерциялық банктің  валюталық интервенциясы — деп  Коммерциялық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің  шетел валютасын сату және сатып  алу жолымен валюталық нарықтағы  операцияларға араласуын айтады.

Коммерциялық банктің  валюталық нарықтағы интервенция  дербес түрде кез келген банктер  және валюталық биржалар арқылы кез  келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің маңызды  элементі – валюталық бағам болып  табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық  саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара  айырбастың қажеттігінен туындайды; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондайақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда  бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер  мен фирмалардың шетел валютасындағы  шоттарын уақтылы қайта бағалап  отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына байланысты негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты Дипломдық бағам бойынша өзгертеді. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді. Акцияның, облигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу және сату құны. Қағаз ақшаның бағамы оның алтын валютаны немесе басқа елдер валютасы бойынша сипатын көрсетеді. Валюта айыпбасы ұғымы мұндай еркiн аударынғыштық оның мiнездемесiмен байланған. Валютаның еркiн алмастырылатынының дәрежесiмен валюталық операциялардың мемлекеттiк реттеуiн тетiкпен анықталады. Егер резиденттерге және резидент еместерге бұл валютаның елiнде валюталық мәмiлелердiң жүзеге асыруына шектеу қандай болмасын қолданбаса валютаны еркiн айналысқа түсетiн деп атайды. Жартылай еркiн аударылатын айырбастау операцияларының кейбiр түрлерiне шектеу және регламенттеулер жұмыс iстеген немесе бұл операциялардың кейбiр қатысушылары үшiн елдердiң валютасы болып есептеледi.

Бағамның қалыптасуына ықпал  ететін үш факторлар тобын беліп  қарауға болады: саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтың ырықтандырылуы, валюталық саясат және тағы басқалары.

Валюталық реттеу - мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік  органдар, Қазақстан Республикасындағы  валюталық бақылау органдары  болып табылады.

Шетел валютасында банктік  операциялар жүргізуге лицензияларды  Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде  валюталық заңның сақталуын бақылау  міндетті жүктелген өкілеттік берілген банкіден тыс қаржы мекемелері валюталық  бақылаудың агенттері болып табылады. Валюталық бақылау органдары  өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа  тарту және оларға орындалуы тиісті жекелеген тапсырмалар беру құқығын  пайдалана алады. Нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық бақылаудың мiндеттерi: 

1) жүргізілетiн валюталық  операциялардың Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкестігін айқындау; 

2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiзділігiн және оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болуын тексеру; 

3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есеп берудiң толықтығын және объективтiлігiн тексеру болып табылады.  

7-кесте - «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық келісімдердің тізбесі

 

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң  атауы

Келiсімнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттiк орган

ҚР валюталық операцияларды  
жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

ҚРҰБ*  
Басқармасының қаулысы

ҚРҰБ  
(келiсiм бойынша)

ҚР аумағында қызметiн  жүзеге асыратын резидент еместердiң  валюталық операцияларының мониторингiн  жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

ҚРҰБ  
Басқармасының қаулысы

ҚРҰБ  
(келiсiм бойынша)

ҚР қолма-қол шетел  валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды  лицензиялау ережесiн бекiту туралы

ҚРҰБ  
Басқармасының қаулысы

ҚРҰБ  
(келiсiм бойынша)

Әкетілетiн қолма-қол шетел  валютасының шығу заңдылығын растайтын  құжаттардың тiзбесi туралы

ҚРҰБ  
Басқармасының қаулысы

ҚРҰБ  
(келiсiм бойынша)


7-кесте — жалғасы

Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы

Келiсімнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Кедендiк  бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 мамырдағы  
№221 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жол жүретiн жеке адамдардың шетелдiк және ұлттық валюталарды декларация-  
лауының ережесiне өзге-  
рiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

ҚР Қаржыминi 
КБК бұйрығы

ҚР  
Қаржыминi  
КБК

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегі №343 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрінің 2001 жылғы 10 қазандағы №1409 бұйрығымен бекiтiлген

ҚРҰБ  
Басқармасының қаулысы  
ҚР Қаржыминi 
КБК бұйрығы*

ҚРҰБ  
(келiсiм бойынша)  
ҚР  
Қаржыминi  
КБК


Ескерту- 7 кестедегі тізім ҚР Үкіметінің ресми сайтынан жазылды

 

Заңды тұлғаларға валюталық  заңның ережелерін бұзатын операциялар  жасағаны үшін келісім сомасының 10 пайыз көлемінде, бірақ 1 млн. теңгеден аспайтын айыппұл салынады, бухгалтерлік есепте тиісті нәтижелері көрсетілген  валюталық операциялар жасағаны үшін — есепке алынбаған соманың  көлемінде айыппұл салынады; валюталық  операциялардың бухгалтерлік есебін, есеп беру мен есепке алудың белгілеген нысандарын және тәртібін сақтамай жүргізгені үшін — тиісті емес түрде есепке алынған  жалпы соманың көлемінен 5 пайыз көлемінде айыппұл салынады. Көрсетілген айыппұл сомаларын  өндіріп алу валюталық бақылау  органдары арықлы жүзеге асырылады, сонымен қатар валюталық бақылау  агенттерінің ұсынысы бойынша сот  тәртібімен бұлжытпай орындалады. Валюталық  заңның бұзылуына жазықты лауазымды  тұлғалар, Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жауапқа тартылады.

Валюталық бағамның дамуы  жай тауар өндірісінен қазіргі  дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың  тарихи процесін көрсетеді. Монометаллизм  тұсында – алтын немесе күміс  – валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің  олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық  паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын  монометаллизмі тұсында валютаның  бағамы алтъш паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми  алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде  оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық  механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1 пайызынаннан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Валюталық операциялар туралы хабарлау режимі валюталық операцияларға  қатысушы резиденттердің валюталық  шарты бойынша Ұлттық Банкке белгіленген  нысанда ақпарат беруінен және кейіннен жүргізілген операциялар туралы және валюталық шарттағы өзгерістер туралы ақпарат беруінен тұрады. Хабарламаны  Ұлттық Банк растайды, бұл ретте  валюталық операцияның қатысушы резидентіне белгіленген үлгідегі құжат – хабарлама куәлігі  беріледі.

Шетел валютасындағы ақша қаражаттар қозғалысы  ХҚЕС (IAS) 21 «Валюталардың  айырбас бағамдарының өзгеруінің ықпалы»  стандартына  сәйкес жүргізіледі. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге  шетелдік валюта, яғни шетелдің ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы бойынша Қазақстан  Республикасының Ұлттық валютасымен (теңгемен) көрсетілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі ресми бағам механизміне  өзгерістер енгізді. 05.01.2013ж. бастап өткен  жұмыс күні үшін Қазақстан қор  биржасының таңертеңгілік (негізгі) сессиясында  қалыптасқан АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша  ресми бағамы болып есептелсін.

Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының  деңгейіне әсер етпейді, өйткені  валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді. Сауда - өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі.

Шетел валютасында орындалатын  операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай  есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық  валюталық несие берумен, шетел  валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын  жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер валютаның  ресми бағамын Ұлттық Банктің  сол күні тіркеген ресми бағамына сай валюталық операцияларын  жүзеге асырады.

Шетелдік еншілес ұйымның ақшақаражатының қозғалысы ұйымның валютасында ақша қаражатының  қозғалыс пайда болған күндегі  қолданыстағы және шетелдік валюталар  арасындағы айырбастау бағамы бойынша  қайта есептелуге міндетті.

Ұлттық валютаның шетел  валюталарына қатысты ресми бағамын  белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың  нарықтық бағамын айқындау тәртібіне  ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын  және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.

 

8-кесте- Ұлттық Банктің 05.03.2013ж күніне тіркеген шетел валюталарының теңгеге шаққандағы арақатынасы

 

Шетел валютасы (бір бірлік)

Валюталық арақатынас

Теңгеге шаққанда

1 австралия доллары

AUD / KZT

159,4

1 ағылшын фунт стерлингі

GBP / KZT

243,3

1 беларус рублі

BYR / KZT

0,02

1 жапон йені

JPY / KZT

1,08

1 оңтүстік африка ранді

ZAR / KZT

17,34

1 эстон кронасы

EEK / KZT

12,48

1 баэ дирхамы

AED / KZT

41,09

1 ақш доллары

USD / KZT

150,9

1 еуро

EUR / KZT

201,5

1 канада доллары

CAD / KZT

153,4

1 қытай юані

CNY / KZT

24,21

1 кувейт динары

KWD / KZT

536,0

1 қырғыз сомы

KGS / KZT

3,18

1 оңтүстік корей вонасы

KRW / KZT

14,28

1литва литі

LTL / KZT

58,4

1 молдаван лейі

MDL / KZT

12,45

1 польша злоты

PLN / KZT

48,81

1 сауд аравияның риялы

SAR / KZT

40,24

1 ресей рублі

RUB / KZT

4,99

1 сдр

XDR / KZT

231,7

1 сингапур доллары

SGD / KZT

123

1 түрік лирасы

TRY / KZT

85,26

1 норвег кронасы

NOK / KZT

22,18

1 өзбек сумы

UZS / KZT

0,08

1 украин гривнасы

UAH / KZT

18,54

1 швед кронасы

SEK / KZT

23,55

1 швейцар франкі

CHF / KZT

164,6

Информация о работе Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы