Рефераты по экономике

Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибие барысында ұйымдастыру

24 Апреля 2014, реферат

Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып , жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру .

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - негіздің негізгі түп қазығы.

Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген жөн.

Қазақастан Республикасында меншік қатынстарын түрлендіру

11 Марта 2014, реферат

Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің даму жағдайлары Республикамызда нарықтық қарым - қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шартыЯғни бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып,оларды акционерлік, кооперативтік және т б кәсіпорындарға айналдыруды қажет етті.

Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

01 Октября 2015, реферат

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы

10 Декабря 2013, реферат

Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің кептеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.

Қазақстан кітапханаларындағы жаңа ақпараттық технологиялар жетістігі

12 Декабря 2012, реферат

Жаңа ғасыр, яғни ХХІ ғасыр - ақпарат және жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан кез - келген оқырман, кез - келген тұлға жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, кең көлемде ақпаратты тұтынуға құқылы. Ақпараттық қоғамдағы жаңа технологиялар кітапхана саласын дамытатын бірден - бір жолы болып отыр. Қоғамға жаңа технологиялар ене бастауы кітапхана саласын одан әрі дамып, жетілуіне зор үлесін тигізетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасы қор рыногының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

11 Декабря 2013, курсовая работа

Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.

Қазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері

05 Февраля 2014, лекция

Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары туралы қазақша

02 Мая 2015, реферат

Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды, оның ішінде салық жүйесіндегі мәселелер шешудегі бағыттар да аталып өтті.
Экономиканың әртүрлі сатыда дамуына байланысты Салық кодексінің өзгеріп, жетіліп отыруы – табиғи нәрсе. Салықтың бірінші мақсаты мемлекет қазынасын толтыру болатын болса, екінші бір мақсаты – салық салу механизмдері арқылы салық төлеушілердің ынтасын арттыру, мәдениетін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қьізмет ету - оның әр азаматының міндеті

28 Июня 2013, реферат

Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери кызметшілерге хальщтың білдірген сенімі.
Үлттык кауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақетаниыц да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді: "Үлттык. қауіпсіздік дегеніміз - аумақтың түтастығын толык сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуынқамтамасыз ету". (Н.Ө. Назарбаев. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазакстан халқына жолдауы, 33-бет.)

Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

04 Апреля 2013, курсовая работа

Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады.

Қазақстан Республикасын әлеуметтік қолдау

29 Января 2013, курсовая работа

Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары

30 Апреля 2012, реферат

Бағалы қағаздар нарығын кұру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және сала-аралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысынын барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономканы котеруге мынандай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді.

Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

08 Апреля 2014, дипломная работа

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары

01 Февраля 2015, курсовая работа

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру

08 Октября 2015, реферат

Жекешеліндіру аса кең ауқымды процесстің – денационализацияның бір бөлігі. Денационализация - әлеуметтік-экономикалық және саяси мағынада - ұлттық, мемлекеттік меншікті жеке меншікке беруді жүзеге асыру процесі.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке меншікке деген құқықты анықтап, сол кезде мақсаты мемлекеттік меншікті басқа формаларға ауыстыратын, нарықтық эконмикаға көшуге жол ашатын жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге байланысты алғашқы қадамдар жасалды.

Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

28 Ноября 2014, реферат

Жұмыссыздық түрлері және олардың себептері.
Жұмыссыздықтың теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасыдағы жұмыссыздықты талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы

03 Февраля 2014, курсовая работа

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуіне шаруашылық ұйымдар ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

16 Апреля 2014, курсовая работа

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.

Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары

18 Мая 2015, реферат

Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.
Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңы бойынша сақтандыру шартының құқықтық жағдайы

29 Октября 2014, курсовая работа

Осы курстық жұмыста сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады.Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 3, 4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т.б. алылды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

02 Декабря 2013, курсовая работа

Республикасының зейнетақы жүйесі», бұл тақырыпты таңдау себебім зейнетақы жүйесін тек заңи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ЖЗҚ-ның қызметі олардың түрлері, қай зейнетақы қорына салымдарды орналастыру тиімді және болашақта бұлмәліметтер жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы өрісімді, көзқарасымды кеңейтті деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының фискалдық саясатты іске асыру мәселелері

28 Сентября 2014, курсовая работа

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі

04 Апреля 2015, реферат

Қазақстанның 1991 жылдан бері экономикалық жүйесі. Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992). Реформалар: екiншi кезең (1993-1994). Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997).

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары

01 Декабря 2013, курсовая работа

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.

Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады

19 Декабря 2014, реферат

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт.

Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму көріністері

01 Ноября 2015, реферат

Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы.Осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында жарияланып, Президенттің жарлығымен бекітілді.
Үшінші кезең — 1996—1998 жылдарда қамтылды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажетті құжаттар қабылданды.

Қазақстандағы көмір өндірісі

04 Ноября 2012, реферат

Экономикалық дағдарыс ғылымға қатты салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін ғылымға ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшері ғана бөлініп келеді. Дегенмен бұл - ғылым, оның ішінде Қазақстан химиясы тоқырады деген сөз емес. Энтузиаст-ғалымдар ізденістерін үзбей жалғастыра берді. Соның нәтижесінде Үкіметіміз күні бүгін он зауыт саламыз десе, солардың әлемдік базарда бәсекелесіне дес бермейтін өнімдер шығару ісін ғылыми негіздеп бере аламыз.

Қазақстандағы мұнай- газ өндірісі туралы жалпы түсінік

27 Октября 2014, курсовая работа

Курстық жобаның мақсаты: өнімділігі 5 млн. т/жыл болатын ЭЛТҚ- АҚ қондырғысын жобалау. Қондырғының негізгі аппаратын есептеу.
Курстық жобаның алдына қойылған міндеттер:
1. Әдеби көздерге сүйене отырып, атмосфералық құбырлы айдау процесіне толық сипаттама беру;
2. Атмосфералық құбырлы айдау процесінің технологиялық сұлбасын келтіріп, оған толық түсініктеме беру;
3. Ректификациялық бағанаға есептеу жүргізу;

Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі

28 Апреля 2013, реферат

Мұнайдан кейінгі жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Қазақстандағы экономикалық өсу

06 Июня 2013, курсовая работа

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].